Биыл бәрімізге ортақ татулық пен бейбітшіліктіңжарқын бір бейнесі болып табылатын Қазақстанхалқы Ассамблеясының 30 жылдығы атапөтілуде. Бұл мерейлі белес Ассамблеяның дербесинститут ретіндегі жүрген жолымен, жеткенжетістіктерімен еліміздің даму кезеңіндегі айтулыоқиғалармен тығыз астасып жатыр. Қазақстанхалқы Ақмола ассамблеясы да осы жылдараралығында буыны бекіп, дамыды.
Қазақстан халқы Ассамблеясы –1995 жылғы 1 наурызда құрылған президент жанындағыконсультативті—кеңесші орган. Бұл бірегей институтеліміздегі барлық этнос өкілдерін ортақ мақсатқаұйыстыра отырып, республикадағы тұрақтылықтысақтауға айтулы үлес қосып келеді. Консультативтік—кеңестік орган ретінде жасақталғанАссамблеяға 2007 жылы конституциялық мәртебеберілді. Ұйым жалпыұлттық бірліктің негізгі моделінеайналды.
Мемлекет басшысы Қасым—Жомарт Тоқаев жуырдаөткен Қазақстан халқы ассамблеясының ХХХІV-шісессиясында: «Осы уақыт ішінде Ассамблея қоғамдағытұрақтылық пен келісімді нығайтуға өлшеусіз үлесқосты. Еліміздегі бірлік пен теңдіктің, тұрақтылық пентыныштықтың символына айналды. Этносаралыққатынас саласындағы теңдессіз қоғамдық институтретінде танылды. Соның арқасында Қазақстандабейбітшілік пен келісімнің қайталанбас үлгісіқалыптасты» деп атап өтті.
«Ел болып бірігуден асқан бақыт жоқ» деп Білге қағанайтқандай, бұл ұйымның маңызы жыл өткен сайынартып келеді. Өйткені, 30 жыл ішінде Қазақстан халқыАссамблеясы өз қызметінде барлық этностарды ортақшаңырақ астына біріктіре отырып, олардыңмәдениетін, дәстүрлері мен әдет—ғұрыптарын сақтауғажәне танымал етуге бағытталған жүздеген ауқымдыжобаларды іске асырды.
Ел Президенті бұл құрылым өзін этносаралық келісіммен жалпыұлттық бірлікті нығайту жолында сындарлысаясат жүргізе алатын тиімді құрал ретінде танытқанынжәне бірегей азаматтық институт ретінде өзара құрметпен сенімнің қоғамда орныға түсуіне зор үлес қосыпжатқанын да айтқан болатын.
Сонымен, өңірдегі Қазақстан халқы Ақмолаассамблеясының қызметіне ойыссақ, 2024 жылдыңбасындағы статистикалық мәліметтер бойынша Ақмолаоблысында 100-ден астам этностар мен этникалықтоптардың өкілдерінің басын құрайтын 787976 адамтұрады. Соның 445 647-сі немесе 56,5 пайызыжергілікті халық өкілдері – қазақтар болса, 208 694-і, яғни, 26,4 пайызы – орыстар, 39 384-і немесе 4,9 пайызы украиндар, 29 877-сі немесе 3,7 пайызынемістер, 13 571-і немесе 1,7 пайызы татарлар, 11 713 – 1,4 пайызы белорустар, 8 447-сі немесе 1 пайызыполяктар, ал, қалғаны ингуштар, шешендер, әзірбайжандар, башқұрттар секілді басқа этностар. Бұлұлт өкілдері 0,3 пен 0,9 пайызға дейінгі аралықтықамтиды.
Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы мүшелерініңсаны 131 адамды құрайды, оның 28,4 пайызы жастарқауымы. Оның құрамында этномәдени бірлестіктердің, мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының қоғамдыққұрылымдарының өкілдері, қоғам қайраткерлері, қоғамдық пікір көшбасшылары бар. Қазақстан халқыАссамблеясының құрамына Ақмола облысынан 26 адам кіреді.
Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясының (ҚХАА) тиімді жұмысын қамтамасыз ету үшін Көкшетауқаласында «Қоғамдық келісім» мекемесі, Степногорскқаласында Достық және шығармашылық үйі бар. Бүгінде ҚХАА жанында 9 қоғамдық құрылым жұмысістейді. Атап айтқанда, ғылыми—сараптамалық топ, Ақсақалдар кеңесі, Аналар кеңесі, этномедиациякеңесі—этномедиация орталығы, журналистер клубы, сәндік—қолданбалы өнер шеберлері одағы, Ақмолаоблысы бойынша «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілдігі, «Жомарт жан» облыстық орталығы, мемлекеттік тілдінасихаттау және дамыту орталығы. Сондай—ақ, ғылыми—сараптамалық топ жанындағы Жас ғалымдарклубы және Ақмола облысы бойынша «Ассамблеяжастары» республикалық қоғамдық бірлестігініңөкілдігі жанындағы студент жастар қауымдастығыбелсенді қызмет етуде. Бұл қоғамдық құрылымдарҚХАА жобалары мен іс—шараларын іске асыруғабелсенді қатысуда.
Облыста 48 этномәдени бірлестік тіркелген, олардың22-сі ҚХА аккредиттеуінен өткен. Көкшетауқаласының Достық үйінде 17 облыстық этномәденибірлестіктің кабинеттері орналасқан. Мекеме базасындаэтномәдени бірлестіктердің «Русская песня», «Ғалиябану» халық ансамбльдері, «Синегорье» вокалдық тобы, «ALLON» лезгинка би мектебі, «Юлдаш» би үйірмесі және тағы басқа шығармашылықұжымдары табысты дамуда. Облыстың этномәденибірлестіктері биыл 1250-ден астам адамды қамтиотырып, шамамен 30 іс—шара өткізді. Олардың ішінде«Этностар мәдениеті күндерін», «Сольналь» корейжаңа жылын, «Ақ қалпақ» қырғыз мерекесін, шешендер мен ингуштардың Қазақстанда тұруының 81 жылдығына арналған естелік шарасын және КеңесОдағының Батыры М.Жалилдің бюстіне гүл шоқтарынқоюды, Масленица мерекесін, «Русская песня» халықансамблі мен «Синегорье» вокалдық тобыныңшығармашылық кештерін ерекше атап өтуге болады.
Биыл ҚХАА—ның 2025 жылға жоспарланғаніс—шаралары Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында өткізіледі. Мерейтой аясындаҚазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен бірыңғайжоспардың негізінде құрылған «Бірлік пен келісімбағытындағы 30 жыл» облыстық іс—шаралар жоспарыәзірленіп, бекітілді. Жоспар бойынша барлығы 50-денастам ірі іс—шара өткізу көзделген, атап айтқанда, республикалық ғылыми—тәжірибелік конференциялар, этномәдени фестивальдер қарастырылған. Олардыңішінде «Ақмола ассамблеясының тарихындағы 30 тұлға» жобасы бар, ол ҚХАА өкілдерінің ассамблеяныңдамуына қосқан үлесі туралы сұхбаттар менбейнематериалдарды YouTube арнасында жариялаудыкөздейді. «30 жылдағы еңбек жолым» жобасы түрліэтнос өкілдерінің еңбектегі және кәсіби қызметтегіжетістіктерін баяндайды. Сондай—ақ, «30 жылдықбірлік пен ынтымақтастық» атты қайырымдылықакцияларының циклі және басқа да көптегеніс—шаралар өткізіледі.
Көрсетілген жоспар негізінде мерейтойлық жылдыақпараттық сүйемелдеуге арналған медиажоспар даәзірленді. Барлық өткізілетін іс—шараларға салтанаттыжәне мерекелік рең беру мақсатында мерейтойлықлоготип, баннерлер және басқа да атрибуттарқолданылуда. Мерейтойлық іс—шаралар 1 наурыз – Алғыс айту күнінде басталды. Бұл күні бүкілреспублика бойынша Ассамблеяның қоғамдық келісіммен бірлікті дамытуға қосқан үлесіне арналғаніс—шаралар өткізілді. Жалпы, Алғыс айту күнінмерекелеу аясында 50-ден астам түрлі форматтағыіс—шара ұйымдастырылды. Сондай—ақ, Алғыс айтукүніне арналған дәрістер жоғары және орта оқуорындарында, облыстық полиция департаментінде, сондай—ақ, мектептерде өткізілді. Бұл дәрістергеАқсақалдар кеңесінің, ғылыми—сараптамалық топтыңмүшелері, медиаторлар және басқа да қоғамдыққұрылымдар қатысты. Әлеуметтік желілерде көптегенчеллендждер мен флешмобтар ұйымдастырылды жәнебасқа да іс—шаралар өткізілді.
Облыстық «Бірлік пен келісімнің 30 жылы» форумыаясында еліміздің барлық өңірлері үшін бірыңғай эскизбойынша әзірленген «Қазақстан халқы Ассамблеясына30 жыл» атты ескерткіш тақтаның ашылу рәсімі өтті. Салтанатты шараға Ақмола облысының әкімі менАссамблея ардагерлері қатысты. Осы ардагерлердіңбірлік пен келісімді нығайту жолындағы еңбегі менадалдығы бүгінгі жетістіктерімізге жетуге зормүмкіндік туғызды. Олардың қатарында А.Сыздықов, М.Қиықов, З.Авилова, Е.Нұғыман және басқа даазаматтар бар.
Өткен 2024 жылы Ақмола ассамблеясы 40 мыңнан астам адамды қамтитын 1 мыңнан астам шараұйымдастырды. Жастарды патриотизмге тәрбиелеу, жаман әдеттерге тәуелділік, ысырапшылдық сияқтыкелеңсіздіктермен күрес, бірлікті, татулықтынасихаттау мақсатында 41 Ақсақалдар кеңесі «АдалАзамат», «Кемелдік пен креатив» жобаларын іскеасыруда. Отбасы құндылықтарын сақтауға, ана менбала денсаулығын қорғауға бағытталған «Мәдениеттіана – мәдениетті ұлт», «Салауатты сана» және «Әжетәрбиесі – ұлылықтың дәні» ассамблея жобаларын 104 Аналар кеңестері белсенді іске асырып келеді. Биылкеңес бастамасымен Неке қию сарайында жасжұптарға бата беруді көздейтін «Ақ тілек: 30 жұпқабақыт сыйлау» жобасы іске қосылды. Онда жыл бойыАналар кеңесінің өкілдері Неке сарайында 30 жасжұпқа аналық батасын беріп, ҚХА атынан естеліксыйлықтар табыстайды.
Ұлтаралық шиеленісті болдырмауда медиацияқызметінің маңызды екені бәрімізге мәлім. Былтырмедиация кеңесінің қызметі қайта форматталып, «Қоғамдық келісім» мекемесі жанынан Этномедиацияорталығы ашылды. Орталық тұрақты негіздеассамблеяның «Елдесу және татуласу» жобасы аясындаэтносаралық бейбітшілікті нығайту жәнеқақтығыстардың алдын алуға бағытталған шараларөткізеді. Кеңес төрайымы Гүлнәр Мәдиевареспубликалық этномедиация кеңесінің құрамына кірдіжәне орталық мүшесі Айман Мусина республикалықэтномедиаторлар реестіріне енді.
Толеранттылықты, этносаралық, қоғамдық келісімдіжәне азаматтық бірлікті сақтау бойынша бұқаралықақпарат құралдары арқылы насихаттау жұмыстарынЖурналистер клубы күнделікті жүргізеді. Жыл басынанКлуб мүшелері «30 жылдағы еңбек жолым», «Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдықтарихы», «Ақмола Ассамблеясының тарихындағы 30 тұлға» жаңа жобаларын іске қосты. Мемлекеттік тілдінасихаттау және оның қолдану аясын кеңейту жолында«Ассамблея жастарының» Ақмола облысы бойыншаөкілдігі ауқымды жұмыс атқаруда. Ұрпақтарсабақтастығын дамыту мақсатында «Талантты жастар», «Social jastar», «Жастар Life», «Этно-View», жұмысшыжастар арасында «Тәрбие басы – еңбек» жобаларыоблыс көлемінде жүргізілуде. Мемлекеттік тілдімеңгеруге облыста барынша жағдай жасалып жатыр, оны этносаралық қатынастар тілі ретінде насихаттаужәне дамыту жолында әртүрлі этнос өкілдеріненқұрылған «Мәміле» дискуссиялық клубы жұмысжасауда. Клуб ашылған уақыттан бері 100-ден аса адаммемлекеттік тілді үйренді.
Сонымен бірге, құрамына саясаттанушы, әлеуметтанушы, тарихшы, ғылым докторлары мен кандидаттары кіретін Ғылыми-сараптамалық топ жоғары оқу орындарындағы ассамблея кафедраларымен бірлесіп, ғылыми сүйемелдеу бағытында жұмыстар атқаруда. Биыл топ жанынан Жас ғалымдар клубы ашылды. Жыл сайынғы «Мен – қазақстандықпын» облыстық конкурсы биылдан бастап республикалық деңгейде өткізілетін болады.
Сәндік-қолданбалы өнер одағы мүшелігіндегі әртүрлі бағыттағы шеберлердің жұмыстары тақырыптық іс-шараларда көпшілік назарына ұсынылады. «Мұрагерлер-қамқоршылар-жасаушылар» жобасын іске асыруда тұрақты негізде қазақ қолөнерін, халық өнерінің басқа да түрлерін оқыту бойынша студенттер мен этнос өкілдеріне шеберлік сыныптары өткізіледі.
Қазақстан халқы Ассамблеясының қайырымдылық қызметі – қоғамдық келісімді қолдаудың және этностардың ынтымақтастығын ілгерілетудің маңызды құралдарының бірі. Ассамблеяның «Жомарт жан» орталығы өткен жылдың қорытындысына сәйкес 58 миллион теңгеден астам сомаға 20 мыңнан астам мұқтаж жанға көмек қолын созды. Жыл басынан бері 950-ден астам адамды қамти отырып, жалпы сомасы 4 миллион 310 мың теңгеге 13 қайырымдылық іс-шарасы өткізілді. Олардың ішінде «30 жылдық бірлік пен ынтымақтастық», «Қайырымдылық керуені», «Наурыз – достық мерекесі» акциялары өткізілді.
«Мәдениет және мұра – Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл» жобасы аясында мәдениеттер мен дәстүрлердің бірлігін, еліміздің бірегейлігін айқындайтын этномәдени бірлестіктердің шаралары, кәсіпорындар мен еңбек ұжымдарында өскелең ұрпаққа үлгі болар жұмысшы мамандық иелерімен кездесулер өтуде.
«Кеңесіп пішкен тон келте болмас» деген халық даналығына сай, барлығымыз мемлекеттік ұлттық саясаттың негізгі қағидаттарын жүзеге асыруда ауқымды бастамалардың өз межесіне жетіп, орындалуына атсалысудамыз. Ел игілігі жолындағы жоспарланған жобалар сәтті іске асырылып, ортақ ісіміздің мәртебесі арта берсін деген тілек білдіремін.
Сабырхан КЕНЖЕБАЕВ,
Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі.