Көкшетауда «Елдесу және татуласу: татулықтынығайтудағы этномедиацияның рөлі» республикалық конференция өтті

22 тамыз күні «Елдесу және татуласу: татулықты нығайтудағы этномедиацияның рөлі» тақырыбында республикалық конференция өтті.

Конференцияның негізгі мақсатыэтномедиация институтын дамыту арқылыэтносаралық қатынастарды тұрақтандыру, қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді сақтау.

Іс-шараға мемлекеттік органдардың, құқыққорғау құрылымдары, сот жүйесінің өкілдері, кәсіби медиаторлар, Қазақстан халқыАссамблеясының мүшелері мен сала сарапшыларықатысты.

Конференция спикерлері:

Мақсұтов Мерей Нығметұлы, ҚР Мәдениетжәне ақпарат министрлігіне қарасты Этносаралыққатынастарды дамыту комитетінің өңірлік жұмысбасқармасының басшысы этномедиацияныөңірлік деңгейде жүйелі түрде енгізудің және оны мемлекеттік органдар қызметіне біріктірудіңмаңыздылығын атап өтті.

Пулатов Шерзод Аббозұлы, АНК жанындағыЭтномедиация республикалық кеңесінің төрағасы, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық Құрылтайдыңмүшесі, PhD докторы этномедиацияны қоғамдықдипломатия мен бейбіт диалог құралы ретінде жан-жақты талдап, теориялық және практикалықаспектілерін ұсынды.

Узарова Луиза Магамедовна, «Қолданбалыэтносаяси зерттеулер институты» ЖШС Этномедиация орталығының директоры — өңірлікқұрылымдармен тәжірибе алмасу үлгілерінұсынып, аналитикалық материалдарментаныстырды.

Нарбаева Гүлмира Кенжебулатқызы, «International Bureau of Mediation» қоғамдықбірлестігінің директоры, PhD докторы — семинар-тренинг барысында қатысушыларды медиатор жұмысының алгоритмдерімен және мультимәдениортада тиімді коммуникация әдістеріментаныстырды.

Италиева Талшын Мұқатқызы, «Қоғамдықкелісім» РММ бас сарапшысыэтномедиациянықолданудың табысты кейстерін саралап, этносаралық салада алдын алу шараларыныңмаңыздылығын атап өтті.

Мәдиева Гүлнар Серікқызы, Ақмола облыстық этномедиация кеңесінің төрайымы, заңғылымдарының магистрі, медиатор-тренер, тәжірибелі заңгер нақты мысалдар негізінде этносаралық дауларды шешу тәжірибесіменбөлісті.

Конференция аясында тәжірибе алмасу, кәсібипікірталас және этномедиация тетіктерін дамытуғабағытталған өзекті ұсыныстар жасалды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться