Көкшетауда автодром жұмысы қайта жанданды

“Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-тың Ақмола облысы бойынша филиалы жүргізуші куәлігін алу үшін практикалық емтихан тапсыруға арналған автоматтандырылған автодром жұмысының қайта жанданғанын хабарлайды.

Автодром іске қосылып, практикалық емтихандарды қабылдау жөніндегі мамандандырылған бөлім базасында жұмыс істейді және «B», «B1» және «D1» санаттары бойынша ғана емтихан қабылдайды. Мекенжайы: Көкшетау қаласы, Уәлиханов көшесі, 1/3.

Емтихан тапсыру үшін қолайлы күнді таңдап, жазылу «ЦОН» мобильді қосымшасы арқылы немесе мамандандырылған бөлімге жеке жүгіну арқылы жүзеге асырылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться