Өзге ұлттардың Қазақстан аумағына жер аударылуы 1920-1940 жылдары басталды. Кеңес өкіметі әртүрлі себептермен кейбірэтностық топтарды туған мекенінен еріксізтүрде қоныс аударуға мәжбүрлегені тарихбеттерінен белгілі.
Есептерге сүйенсек, 1928-1936 жылдарыаралығында елімізге көршілес Ресей, Украина және Беларуссиядан 360 мыңға жуық адамкөшірілді. Олар негізінен еңбек күші ретіндепайдаланылып, ауыл шаруашылығы мен өндірістебелсенді еңбек етті.
Ал 1937 жылдан бастап Қиыр Шығыс өңірлеріненкорей халқын Орта Азия аймақтарына, соныңішінде Қазақстанға күштеп көшіру процесібасталды. Мәжбүрлеу мұнымен біткен жоқ, 1941 жылы «Поволжьеде тұратын неміс халқыныңқоныс аударуы туралы» қаулы қабылданып, күздемиллионнан астам неміс өзге өңірлерге көшірілді. Оның 420 мыңы Қазақстанға орналастырылды. Келесі ағын 1942 жылы болды. Ол кездеКраснодар өлкесінен, Қырымнан, Армения, Әзербайжан және Грузиядан Қазақстанға тағы да 25 мыңға жуық грек, 29 мың шамасында тағы да басқа ұлт өкілдері келді. 1940-1941 жылдары 100 мыңға жуық поляк жер аударылды. 1943-1944 жылдар аралығында балқар, қарашай, ингуш және шешен халықтары, барлығы 507 мың адамҚазақстанға күштеп қоныс аударылды. Тағы 110 мың түрік-месхетин және 180 мың қырымтатарлары да өз тарихи мекендерінен ажырап, Қазақстанда қоныстандырылды.
Бұл атамекенінен ажыраған адамдардың көпшілігітағдыр тауқыметін тартып, ауыр тұрмыс кешті. Алайда түрлі қиыншылықтарға қарамастан, жергілікті халық оларға барынша көмек көрсетті. Қазақтардың адамгершілігі мен жанашырлығыныңарқасында көптеген адамдар тірі қалып, жаңаортада өмір сүруді жалғастырды. Ол туралы тарихи да, көркем де туындылар жетерлік. Бәрінентүсінетініміз біреу, жаңадан қоныстанған этностармен дін өкілдері уақыт өте келе өзара тығызқарым-қатынас орнатты. Бұл сырттай қарағандатүрлі ұлт өкілдерінің бір-бірімен еңбек, отбасылық-тұрмыстық, көршілестік және достықсалаларындағы өзара қатынасы секілденеді. Ал шын мәнінде мәдени-тарихи да өзгерістер орыналып жатты. Бұған конфессияаралыққатынастарды жатқызуға болады. Ол дегеніміз – әртүрлі діндер мен ағымдар арасындақалыптасқан байланыстар. Себебі әдетте әрхалықтың, ұлттың, этностың ұстанатын діні де, ішіндегі ағымдары да бір-бірінен ерекшеленіпжатады. Кеңестік саясат қанша жерден дінгетыйым салса да, әрбір адамның ішінде бұлтақырыпқа қатысты қалыптасқан, берік бекінгенкөзқарастары болды. Діни сенім маңызынжоғалтқан жоқ. Олардың үйлесімді өмір сүруі де маңызды еді. Кейінірек, тәуелсіздік жылдарындаэтносаралық және конфессияаралық келісімді, қоғамдағы тұрақтылықты қалыптастыру үшінарнайы жұмыстар жүргізіле бастады. ҚазірҚазақстанда осы бағытта атқарылып жатқаншаруалар этносаралық және конфессияаралықкелісімді сақтауға, тұрақтылықты, бейбітшіліктіжәне демократиялық дамуды қамтамасыз ететінмаңызды бағыттардың бірі. Бұл бағыт әрбір этнос пен діни топтың құқықтарын қорғап, олардыңмүдделерін ескеруге бағытталған.
Альфия Жәнібекқызы
Фото с сайта
https://zhasalash.kz/news/etnosaralik-kelsm-zhane-konfessiyaaralik-katinas-579bff/