Елімізде этносаралық қатынастар тұрақты

Мәдениет және ақпарат министрлігі азаматтықкелісімді нығайту және этносаралық қатынастардыдамыту бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда.

2025 жылдың бірінші жартыжылдығыныңқорытындысы бойынша 95%-дан астам респондент елдегі этносаралық қатынастарды тұрақты әріқолайлы деп сипаттаған.

Этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру аясында жыл басынан беріреспублика өңірлерінде ақпараттық-түсіндірутоптары белсенді жұмыс істеуде. Олардыңқатысуымен азаматтардың құқықтық және этносаясисауаттылығын арттыруға бағытталған 2000-нан астамоқыту және алдын алу іс-шарасы өткізілді.

Этномедиация институтын дамытуға ерекше көңілбөлінуде. Елімізде кәсіби медиаторлар, заңгерлер, педагогтар, психологтар, дінтанушылар, журналистермен қоғам белсенділері кіретін 20-дан астаморталықтар мен кеңестер жұмыс істейді. 2025 жылдың алғашқы жартысында олар 500-ге жуықіс-шара өткізіп, оған 22 мыңнан астам адам қатысқан.

Биылдан бастап елдегі 14 жоғары оқу орнындажурналистика мамандығы бойынша оқитынстуденттерге арналған «Этносаяси сауаттылық» аттыжаңа пән енгізілді. Бұл журналистердің медиа кеңістікте этностық тақырыптарға жауапкершілікпенқарауға, тұрақты мәдениетті қалыптастыруға сепықпал етеді.

Этносаралық қақтығыстардың алдын алу бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналаркеңесі белсенді рөл атқаруда. Бүгінде 1700-ден астамосындай ұйым жұмыс істейді. Олар адамгершілікқұндылықтарды насихаттауға және отбасылықтәрбиені нығайтуға бағытталған жобаларды жүзегеасыруда. Сонымен қатар, жарты жыл ішінде 300-ден астам мәселені қарастырып, 200-ден астам ұсынысжасаған Ақсақалдар кеңесі де тиімді жұмыс жасауда.

«Жомарт жан» орталықтарында 340-тан астаммеценат, волонтер мен қоғам қайраткері бірігіп, қайырымдылық бағыт бойынша жұмыс жасап келеді. Олар жыл басынан бері 500-ден астам іс-шара ұйымдастырып, жалпы сомасы 304 миллион теңгеденастам көмек көрсеткен.

Азаматтық жауапкершілік мәдениетінқалыптастыруға экологиялық акцияларғақатысушылар да айтарлықтай үлес қосып келеді. «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында300 мыңнан астам этномәдени бірлестік өкілдері, жастар мен волонтерлер қатысқан түрлі іс-шараларұйымдастырылды.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

https://kazislam.kz/2025/07/elimizde-etnosaralyq-qatynastar-turaqty/

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться