Ел ардағы – Ата Заң

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Бұл – еліміз үшін айрықша маңызды мереке. Ата Заңымыз – мемлекеттігіміздің тұғыры берік болуын қамтамасыз ететін ең басты құжат. Оның әрбір тармағы мүлтіксіз орындалса ғана әділдік пен заң үстемдігі орнығады», — деген болатын. Президентіміздің бастамасымен өткен референдумда халық ауқымды конституциялық реформаға бірауыздан қолдау көрсетті. Ата Заңға маңызды өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Бұл өзгерістер мемлекеттік басқару моделін жаңғыртуға бірден-бір негіз болды.

Халқымыздың әл-ауқаты артып, ел экономикасы одан әрі дамыды. «Әділетті Қазақстан» дегеніміз – барлық адамға тең мүмкіндік беру, елдің саяси өміріне белсене араласатын мықты азаматтық қоғамы бар, тиімді әрі өркениетті мемлекет құру. Еліміздің өркендеуіне және мемлекеттік биліктің қалыптасуына, экономика, әлеумет, мәдениет салаларының қарқынды дамуына жол ашқан Қазақстан Конституциясы күні айтулы мереке ретінде ауданымызда да аталып өтті.

Құттықтау сөз алған аудан мәслихатының төрайымы Нұргүл Қуатова аудан халқын Конституция күнімен құттықтады. «Мемлекет құру, оның мәртебесін биік ұстау – мәңгілік ел мүддесінің асқақ көрінісі. Бұл орайда мемлекеттілігіміздің мызғымастығы, елдігіміздің айбыны Ата заңымызда көрсетілген құқықтарымызды түсінуде, оларды қастерлей білуде жатыр. Қазақстанның Конституциясы бүгінгі күнге дейін өміршеңдігі мен тиімділігін толық дәлелдеді. Заңы заңғар елдің – заманы озық.

Тәуелсіздіктің арқасында Ата заңымызды басшылыққа ала отырып, біз барлық қазақстандықтардың жарқын болашағына жол ашатын жаңа белестерді бағындыратын боламыз», — деп сөзін түйіндеді Нұргүл Қуатова.

​Салтанатты іс-шарада өңірдің дамуына үлес қосқан бірқатар азаматқа аудан әкімі Достанбек Есжановтың атынан марапат табысталды.
​Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай және әлеуметтік әріптестікті дамытуға қосқан үлесі үшін Қазақстандық оқу-ағарту ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіподағының төрағасы Мұқашева Айгүл Мақсатқызының атынан төсбелгімен:
​Бекбаев Нұрлан Мықтыбайұлы — Андықожа батыр ауылындағы жалпы білім беретін мектептің директоры;
​Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай Біржан сал ауданының әкімі Есжанов Достанбек Берікұлының атынан алғыс хаттармен:
​Антусева Галина Александровна — қазынашылық басқармасының бас маманы, бас қазынашысы;
​Бейсембаева Айнұр Сағидоллақызы — жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сектор меңгерушісі;
​Қабжанов Төлеген Дулатұлы — ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы;
​Милокумова Наталья Николаевна — Бұланды ауданы мен Біржан сал ауданының қорғаныс істері жөніндегі бірлескен бөлімінің инспекторы;
​Рысьев Дмитрий Викторович — «Burabay Grain» ЖШС директоры;
​Сәрсекеев Марат Айманұлы — Еңбекшілдер электр желілері «Көкшетау Энерго» ЖШС бөлімшесінің электр энергиясын есепке алу аспаптарын бақылау бөлімінің жүргізуші-электромонтері;
​Стыбаева Ксения Геннадьевна — білім бөлімінің есепшісі;
​Шәйсұлтанов Жаслан Қайыржанұлы — полиция бөлімі кезекшісінің көмекшісі;
​Шушаев Амантай Сағынбайұлы — аудандық соты әкімшісінің күзетшісі;
​Хавджалел Айман — аурухананың зертханашысы.
​Салтанатты шара аудан көркемөнерпаздарының концертімен жалғасты.
Қуаныш НУРКУШЕВА.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться