«2024 жылғы 6 қазанда республикалық референдум өткiзу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 2 қыркүйектегі № 636 жарлығына байланысты сайлаушылар үшін Біржан сал ауданы әкімдігінің жанында Call-орталық ашылды.
Референдум өткізуге, тізімге қосуға және шығаруға, сондай-ақ сайлаушылар тізіміндегі өз деректеріңізді нақтылауға байланысты сұрақтарыңыз бойынша дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін (түскі үзіліс сағат 13-00 — 14-30 дейін) жұмыс істейтін 8(71639)2-16-57 Call-орталығының телефонына хабарласа аласыз.