«Балғын шақ» байқауы

Бала – баршамыздың бақытымыз. Болашағымыз. Бүгінгі тұлымшағы желбіреп, гүлдей жайнаған бүлдіршіндеріміз ертеңгі қасиетті даламызды гүлге бөлейтін еліміздің бір-бір тірегі, ата-бабамыздан қалған ұлан байтақ жеріміздің иесі. Ақылды, тәрбиелі, білімді бала тәрбиелеу – ата-ана мен ұстаз жетістігі. Ел болам десең, бесігіңді түзе. Сондықтан, жақсы ұрпақ тәрбиелеу – ертеңгі болашағымыздың кепілі. Балаларды қорғау, аялау, жақсы көру – бар адамзаттың міндеті.
​Қыркүйек айының 18 жұлдызында Қазақстан Республикасының тілдері күні мерекесіне орай жоспарына сай мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен тілдерді оқыту орталығы бірлесе отырып мектепке дейінгі мекемелерде өзге ұлт өкілдері арасында «Балғын шақ» атты аудандық байқауы өтіп, өз жеңімпаздарын анықтады.

​ Бұл байқаудың мақсаты – ел болашағы бүлдіршіндірге мектепке дейінгі тәрбие-білім берумен қатар мемлекеттік тілді үйрету, қолданысын дамыту.

​Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту және тіл саясатының пәрменділігін арттыру мақсатында өткен байқауда балалар өлеңдер оқып, ән шырқады. Барлық бүлдіршіндер өздерінің мемлекеттік тілді білетіндерін дәлелдеп, өнерлерін ортаға салды.

​Қазылар алқасының дауыс беру қорытындысы бойынша қаламыздың «Күншуақ» балабақшасынан Мамонтова Татьяна Сергеевна І орынды, Мисюрин Платон Вячеславович ІІ орынды, ал Макинка ауылының «Балауса» балабақшаның тәрбиеленушісі Даренская Елена ІІІ орынды жеңіп алды. Жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

​«Жерде бір бала қуанса, көкте мың періште шаттанады», — деген аталы сөзде айтылғандай, балалар қуанып, ата-аналар алғыстарын айтты.
​Қуаныш НУРКУШЕВА.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

  • Ақын – елдің ардағы

  • «Жетісудың Сарасы — бар қазақтың дарасы»

  • Ономастика және тарихи дәстүрлі атаулар

  • Ел ардағы – Ата Заң