Жаксы ауданының «Урожай» ЖШС ұжымыреспубликалық референдумды бірауызданқолдайтынын жариялады. Кәсіпорын ауылшаруашылығы саласында заманауитехнологияларды қолдана отырып, өңірдіңазық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жәнетұрақты өндіріс қалыптастыруға үлес қосыпкеледі.
«Урожай» ЖШС егіншілік пен мал шаруашылығын тиімді үйлестіріп, өнім сапасынарттыруға бағытталған жұмыстарды жүйелітүрде жүргізуде. Ұжым еңбек тәртібін сақтап, қызметкерлер үшін қолайлы жағдай жасап, өндірістің тұрақтылығын қамтамасыз етугеерекше мән береді. Референдумға қатысу – кәсіпорын үшін ауылдық жерлердегі өмірсапасын арттыруға және аграрлық сектордыдамытуға бағытталған маңызды қадам болыптабылады.
Кәсіпорын басшысы Габиден Бралин былайдеді:
«Ауыл шаруашылығындағы табыстың негізі – жүйелі жұмыс, тәртіп және әр қызметкердіңжауапкершілігі. Біз жаңа маусымға нақтыжоспармен сенімді қадам басып отырмыз. Елдің тұрақтылығы мен ауылымыздыңөркендеуі үшін референдумға қатысу – біздіңазаматтық борышымыз», – деді ГабиденБралин.
Ұжымдық пікірде «Урожай» ЖШС қызметкерлері ауыл шаруашылығын дамытумен қоғамдағы әділеттілікті қолдайтын кезкелген бастаманы қолдайтынын атап өтті. Референдум – өңірдегі аграрлық секторға жаңамүмкіндіктер ашатын маңызды қадам ретіндебағаланады.
