Құрметті аудан тұрғындары! Сіздерді Отбасы күнімен шын жүректен құттықтаймын! Қай кездері болсын, отбасы сүйіспеншіліктің, түсіністік пен құрметтеудің қайнар көзі, қоғамның негізі болып келеді. Біздің əрқайсымыз үшін ол өмірдегі ең басты, əрі сенімді тірегіміз, одан біз рухани қуат аламыз, өз-өзімізді танимыз. Алаш қайраткері Мағжан Жұмабаев: «Ата-аналар баланы тәрбиелегенде дәл өзіндей етіп тәрбиелеуге тырыспау керек. Олар баланы өзінен күшті етіп тәрбиелеуі тиіс. Өйткені олардың заманы ата-аналарының өмір сүріп отырған заманына қарағанда анағұрлым күрделі, талабы жоғары болатынын ұмытпаған жөн» депті.
Бүгінде жаһанданған қоғамда заманауи технология үстемдік құрып, интернет ресурсты ақпарат таратудың құралына айналды. Осындай үрдістердің өмірге жылдам енуінің салдарынан құндылықтар құнсыздана бастады. Осындай күрделі сәтте ұлттың асыл қасиеттерін жастардың бойына сіңіріп, рухани жаңғыртып, жақсы мен жаманның ара жігін ажырата алатын, бәсекеге қабілетті етіп қалыптастыру міндеті тұр. Бұл – бүгінгі ата-ананың алдындағы ең үлкен міндет. Сондықтан да заманға сай отбасында бала тәрбиелеу аса үлкен жауапкершілік пен білімді талап ететіні сөзсіз.
Отанға деген сүйіспеншілік осы от басы, ошақ қасынан басталады. Туған шаңырағыңда алған тəрбие – барша халықтың салауаттылығы мен табысты болашағының кепілі. Осы айтулы күні сіздерге мейірімділік пен парасаттылық, бейбіт өмір мен ашық аспан тілеймін. Денсаулықтарыңыз зор болып, үйлеріңізден бақыт, бақ пен береке кетпесін!
Фото https://den-der.kz/zhanalyqtar/