«Ата Заң» сөзі алғаш рет Конституцияның ресми мәтініне енгізіледі

«Референдум–2026» онлайн марафонында Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов тарихи жаңалықты жариялады. Осы уақытқа дейін тек БАҚ пен әдебиетте қолданылып келген «Ата Заң» ұғымы енді еліміздің бас құжатының ресми мәтінінде бекітілмек.

Бақыт Нұрмұхановтың айтуынша, бұрын біз «Ата Заң» сөзін тек мақалалар мен журналдарда ғана қолданатын едік. Ал жаңа жобада бұл ұғым ресми заңнамалық мәртебеге ие болып отыр.

— Қазіргі жобаның соңында «біртұтас Қазақстан халқы еліміздің Ата Заңын — Конституциясын қабылдаймыз» деп нақты жазылған. Бұл сөздің артында үлкен мағына мен тарихи салмақ жатыр, — деді Б. Нұрмұханов.

Ақпараттық алаңда төраға орынбасары преамбуладағы тағы бір маңызды штрихқа тоқталды. Жаңа жобада «Қазақстан халқы» емес, «біртұтас Қазақстан халқы» деген анықтама берілген. Бұл еліміздегі 100-ден астам ұлт пен 20-ға жуық конфессияның бірлігін заң жүзінде бекемдейді.

Сонымен қатар, Конституцияда алғаш рет Қазақстанның байырғы жеріндегі мыңдаған жылдық мемлекеттілік тарихының сабақтастығы атап өтілген. Бұл біздің 1991 жылдан ғана басталған «жас мемлекет» емес, тамыры тереңде жатқан ел екенімізді айғақтайды.

Айта кетейік, Жаңа Конституция жобасы алдымен қазақ тілінде ұғынықты жазылып, кейін ресми тілге аударылды.

https://kaz.inform.kz/news/ata-zan-soz-algash-ret-konstitutsiyanin-resmi-matnne-engzled-850a4e/

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться