
Конституция – еліміздің негізгі тірегі, әр азаматтың құқығы мен бостандығын қорғайтын басты құжат. Онда мемлекетіміздің бағыты, қоғамдағы әділдік пен теңдік қағидаттары айқын көрсетілген. Сондықтан Ата Заң – баршамызға ортақ жауапкершілік.
Алда өтетін референдум – ел өміріндегі маңызды кезең. Бұл – әр азаматтың өз пікірін білдіріп, мемлекет болашағына қатысты шешімге қатысуына берілген нақты мүмкіндік. Референдум арқылы халық өз таңдауын жасап, ел дамуына үлес қоса алады.
Депутат ретінде тұрғындармен жиі кездесемін. Әңгіме барысында халықтың елдің тұрақтылығы, әлеуметтік әділдік, болашақ ұрпақтың жағдайы туралы алаңдайтынын көремін. Баршамызға маңызды мәселе – бейбіт өмір, береке-бірлік және тұрақты даму.
Осындай жауапты сәтте әр азаматтың белсенділігі мен азаматтық ұстанымы ерекше маңызға ие. Референдумға қатысу – бұл болашаққа бейжай қарамайтынымыздың белгісі. Еліміздің ертеңі өз қолымызда.
Бикеш Смайлова,
Біржан сал ауданы мәслихатының депутаты.
