Биыл еліміздегі этносаралық татулықтың алтын діңгегіне айналған Ассамблеяның негізіқаланғанына — 30 жыл. Үш он жылдықтаынтымағы мықты мемлекетіміздің қорғаныбиіктеп, бірлігі бекемделді. Сын сағатта өзгеэтнос өкілдерінің үні топтастырушы қазақхалқының мүддесімен біте қайнап, бір арнаданестілді, деп жазады Egemen.kz.
Фото: z-taraz.kz
Ассамблея 30 жылда бастапқы құрылумиссиясын мүлтіксіз атқарып келеді. Оның еңнегізгісі елдегі бірлікті сақтап, әртүрлі этностықтоптардың басын қосып ҚР азаматы ретіндебіріктіру. Мұндай маңызды қадамдар мәндіжобалар арқылы жүзеге асып жатыр. Тату тірлікке ұйытқы болған ұйым бастамаларынҚолданбалы этносаяси зерттеулер институты директорының орынбасары Айгүл Сәдуақасоваайтып берді.
«Ассамблеяда мемлекттік тілді үйретіп, дәріптеудіміндет қойған «Мың бала» атты жобамыз бар. Жоба, алдымен, балаларға қазақ тілін үйретіп, ары қарайсайыс арқылы олардың біліктілігін арттырып, қоғамдық ортаға бейімдейді. Ұйымның қайырымдылықбағытында атқарып отырған бастамалары да бір төбе. Осы арқылы ұлт пен этностар арасындағыжанашырлық тұғыры мығымдалып, қолғабыс көрсетутәртібі төрге озып келеді. Осы сөзіміздің жарқын үлгісібылтыр көктемдегі су тасқыны кезінде айқын көрінді. Өңірлердегі Ассамблея еріктелері қаражат жинап, су астында қалған ауыл тұрғындарына азық-түлік жеткізу, тасқынға тосқын болу сынды істерді абыройменатқарды», деген Айгүл Сәдуақасова кей сәттеәлеуметтік желіде тұтанатын арандатушылықтыңалдын алуға Ассамблея, мемлекет, үкімет, азаматтықинституттар, жоғары және арнаулы оқу орындары, білім ұйымдары, қоғамдық бірлестіктер мен жергіліктібилікпен жұдырықтай жұмылу тетігі қалыптасқанынайрықша атап өтті. «Ассамблея қоғамда әртүрлі биліктармақтары мен халық арасындағы өзара байланысты қалыптастыруда берік көпірге айналды. Ұйым ұстанымретінде басқа адамның қадір-қасиеті мен намысынатимеу, Қазақстан халқы азаматы тең құқылы дегенқағидаттарды сіңіріп, дәріптеуді мақсұт етеді. Соларқылы Президентіміздің «Заң және тәртіп» қағидатыаясында жалпы елде келісім мен бірлікті нығайтуғакүш саламыз», деді Айгүл Сәдуақасова.
Ата заңымыздың 19-бабы 2-тармағында «әркімнің ана тілі мен төл мәдениетінпайдалануға, қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдап алуғақұқығы бар» деген норма бары белгілі. Жазушы, филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Республикалық Аналар кеңесі төрағасыныңорынбасары Камал ӘлпейісоваКонституциямыздағы осы норма қазақтопырағын басып жүрген түрлі этностардыңқоғамдық бірлестіктерге бірігіп, тілін, салт-дәстүрі мен тарихын зерделеуге мүмкіндікбергенін ерекше екшеді.
«Осы норманың арқасында этностар өз тарихын, қазақжеріне қалай келгенін, кімнің арқасында аман қалғанынбілді. Ассамблея аясындағы іс-шараларда жерімізденпана тапқандар мен қазақ халқының арасындағыдостықтың, бірліктің бастаулары қалай пайда болғанытуралы тебіреністі көріністер арақатынасты нығайтатүсетінін көріп жүрміз», дейді Камал Әлпейісова.
Республикалық Аналар кеңесі төрағасыныңорынбасары «Аналар кеңесінің» этносаралықтатулықты тереңдетуде атқарып отырғаншараларды тарқатып айтты.
«Ұлтына, тіліне, дініне қарамастан Қазақстанның әранасы осы елдің азаматын тәрбиелеп отыр, сол ананыңшай ішіп отырғанда айтқан сөзі баласының даладағыіс-әрекетінде көрініс табады. Бір сөзбен айтқанда, бала анасының ықпалымен, өнегесімен өседі. Тіпті, оныңжақсы көргенін жақсы көріп, ұнатпағанын ұнатпайды. Баланың тілін, ел тарихын білуі, салт-дәстүрінқадірлеуі, бойына ұлт намысын сіңіруі ең алдыменанаға байланысты. Ананың білімді, мәдениетті болуы – ұлттың мәдениетті болуының негізі. Отбасындабилікті, үкіметті жамандап, қарғап-сілеп отыратын ата-ананың баласы отаншыл, патриот болады деу қиын. Адамдарды әлеуметтік жағдайына қарап бөлуді, ұлтына, тіліне қарап кемсітуді естіп, көріп өскенбаланың бойына да сол әдеттер сіңуі әбден мүмкін. Бала бәрін тез қабылдайтыны есте болуы керек. Оқу-білімге, спортқа бейімділік сияқты, адамдармен қарым-қатынас жасай білу де – өнер. Солардың қатарындаэтносаралық қатынас мәдениетін үйренетін ортасы да – отбасы. Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналаркеңесінің «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» жобасыосындай мәселелерді зерделегеннен кейін туындаған», деп түсіндірді Камал Әлпейісова.
Заңғар жазушы М.Әуезов «Адамдық негізі – әйел» атты мақаласында «…адам баласы бір үлгіаларда, ең әуелі шын жүрегімен сүйген кісісіненкүштеп алады. Сол сүйген кісісінен сүйіп алғанүлгі жүрегіне нық орнайды дейді. Бұғанқарағанда біздің ой буынымыз қатпай тұрғанбала күнімізде ең әуелі елжіреп сүйетін кісі кім? Ол анамыз…» деп ой сабақтайды. Асылында да отбасы табалдырығында қалыптасқан мінезқоғамдағы тәртіппен тұтасып жататыны ақиқат.
Ассамблея қызметі — түрлі этникалық топ өкілдеріне бірлік пен өзара түсіністіккенегізделген диалог алаңын ұсынып отыруыменде құнды. Осы құндылықтың құнынқұлдыратпай, бағасын биік көтеріп отырғанҚызылорда облысындағы Ассамблея. Бүгіндеаталған өңірде 35-тен астам этнос өкілі тұрады. Татулық пен бірліктің шаңырағына баланғанДостық үйінде 11 этномәдени бірлестікбелсенді қызмет атқарып жатыр. Облыстыңелдегі татулықты тұралатпау жолында еңсеріпжатқан еңбектерін Ассамблея мүшесі ДильфураБайрақтаровадан сұрап, білдік.
«Аймағымыздағы этнос өкілдері мемлекеттік саясинауқандарға белсене қатысып, өңіріміздің әлеуметтік — экономикалық дамуына зор үлес қосуда аянбайды. Қазір этномедиация бағытын дамытуға ән беріліп, ілкімді жобалар жүзеге асырылып жатыр. Сыр өңіріндегі Аналар кеңесінің «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» жобасы аясындағы «Салауатты сана» жобасы жұмысына оң баға беріліп, кеңестің жұмысытәжірибе алаңы ретінде республика көлеміндетаратылуда. Ғылыми сарапшылық топтың қызметінәтижесінде аймағымыздағы этносаралық ахуалғылыми тұрғыда талданып, мемлекеттік этносаясаттыңжүйелі жүргізілуіне септігін тигізіп келеді. Жастардықоғамдық келісім негізінде топтастыру мақсатындаөңірлік «Ассамблея жастары» ұйымы түрлі бағыттағышаралар мен акцияларға жиі бастамашы болып жүр. Этномәдени бірлестіктердің атаулы мерекелері де назардан тыс қалмады. Осы уақыт ішінде Корея халықбатыры Хон Бом ДО-ның мемориалдық кешені қайтажаңғыртылды. Этностардың өзіне тән «Масленица», Сабантой сынды мерекелері ескерусіз қалмайды», дедіДильфура Байрақтарова.
Қазақстан қоғамында татулықтың тілін тауып, бірліктің шамын жаққан Ассамблея қызметіәрдайым өзекті болып қала бермек.
https://egemen.kz/article/382356-assambleya-%E2%80%93-etnosaralyq-tatulyqtynh-kepili