Ақмола облысында жастарға арналған Конституция мен сайлау тақырыбындағыквест өтті

Ақмола облысының Аршалы ауданындажастар үшін «Учаскеден өт» атты интерактивтіквест ұйымдастырылды. Іс-шара жастардың құқықтық мәдениетін арттыруға және азаматтық белсенділігін қалыптастыруғабағытталған деп хабарлайды Aqmolanews.kz.

Қатысушылар Конституция негіздері, сайлау құқығы және азаматтық жауапкершіліктақырыптарына арналған бірнеше кезеңненөтті. Квест барысында командаларконституциялық нормалар, азаматтардыңқұқықтары мен міндеттері бойынша тапсырмалар орындап, интеллектуалдық және практикалық кезеңдерге қатысты.

Іс-шараның қорытынды кезеңі ретіндеқатысушылар сайлау учаскесіне барып, дауысберу рәсімімен танысты.

«Мұндай формат өте қызықты әрі пайдалыекен. Біз тек Конституция мен азаматтардыңқұқықтары туралы білімімізді тексеріп қана қоймай, дауыс беру процесінің қалай өтетінін ісжүзінде көрдік. Бұл әр азаматтыңжауапкершілігін жақсы түсінуге көмектеседі», – деді квест қатысушыларының бірі АушакимовЧингиз.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндайіс-шаралар жастардың құқықтық сауаттылығынарттырып, белсенді азаматтық ұстанымқалыптастыруға ықпал етеді. Қатысушыларинтерактивті формат қоғамдық және саясиөмірге қатысудың маңызын тереңірек түсінугемүмкіндік бергенін атап өтті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться