Көп жылдар бойы облыстың бірқатар аудандарының тұрғындарына қиындықтуғызған су тасқыны мәселесі бүгінде жаңадеңгейде шешілуде. Егер бұрын аймақ көбінетөтенше жағдайларға әрекет етуге мәжбүрболса, қазір басты назар жүйелі және ұзақмерзімді алдын алу шараларына аударылған. Бұл туралы Орталық коммуникацияларқызметінде өткен баспасөз конференциясындаАқмола облысының әкімі Марат Ахметжанов мәлімдеді.
Әкімнің айтуынша, биыл өңірде халықтыжәне маңызды инфрақұрылым нысандарынтабиғи апаттардан қорғауға бағытталған ауқымды жұмыстар атқарылды. Әсіресе қауіптөндіретін өзендерге ерекше көңіл бөлінген. Осы мақсатта Қалқұтан, Нұра, Шағалалы және Жабай өзендерінің арналары тазартылып, тереңдетілді. Атбасар қаласында Жабай өзенінтазарту жұмыстары жалғасуда, оның едәуірбөлігі аяқталған. Алдағы уақытта өзен арнасынтүзеу және Нұра өзенінің ағысын тереңдетужобалары іске асырылмақ. Жалпы, облыс бойынша өзен арналарының түбін тереңдету және түзеу жұмыстары 44 шақырым аумақта жүргізілді.
«Біз шұғыл шаралардан жүйелі және ұзақ мерзімді жұмыс форматына көштік. Бұл тәсіл бізге апаттың салдарымен емес, себептерімен күресуге, тұрғындар үшін сенімді қорғаныс жүйесін құруға мүмкіндік береді», — деді Марат Ахметжанов.
Аймақта гидротехникалық нысандарды нығайту мен қалпына келтіру жұмыстарына да айрықша назар аударылуда. Бұл шаралар су шаруашылығы инфрақұрылымының тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге, су тасқыны қаупін азайтуға және ауыл шаруашылығы жерлерін қорғауға бағытталған. Қолданыстағы нысандар жаңғыртылып, қорғаныс бөгеттері күшейтілді, су бұру жүйелері қайта жөнделді. Әр аудан бойынша жеті стратегиялық маңызы бар бөгет пен тоған қалпына келтірілді.
Оларды әрі қарай күтіп-ұстау және техникалық қызмет көрсету мақсатында арнайы кәсіпорын құрылды. Оның балансына 17 бөгет пен тоған берілді. Кәсіпорын заманауи техникамен қамтамасыз етілген, бұл мақсатқа 600 миллион теңге бөлінді. Сонымен қатар, бірнеше ірі нысанда құрылыс және жөндеу жұмыстары жалғасуда, соның ішінде Прохоров-Колоков бөгетіне күрделі жөндеу жүргізілуде.
Жалпы, 18 гидротехникалық нысанды салу және жаңғырту жобалары жүзеге асырылған соң, көктемгі тасқын кезінде шамамен 80 миллион текше метр еріген суды қауіпсіз бағытта реттеуге мүмкіндік туады.
«Біздің басты міндетіміз — адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Сондықтан біз өзен арналарын тазартудан бастап бөгеттерді нығайтуға дейінгі барлық бағыттарға ерекше мән береміз», – деп атап өтті облыс әкімі.
Сонымен қатар жыл сайын су басу қаупі жоғары болатын Жақсы ауданында жаңа автокөпірдің құрылысы аяқталды. Каналдар мен арықтар кеңейтіліп, қорғаныс бөгеттері нығайтылды. Бұл шаралар көктемде еріген сулардың қауіпсіз өтуін қамтамасыз етеді.
Инженерлік құрылыстардың өзі толық қауіпсіздікке кепіл бола алмайтынын ескере отырып, облыс билігі қауіпті аймақтарда тұратын тұрғындарды көшіру жұмыстарын да қолға алды. Қазірдің өзінде Астрахан, Сандықтау және Зеренді аудандарынан 37 отбасы қауіпсіз аймақтарға қоныстандырылды. Алдағы уақытта Бұланды және Зеренді аудандарындағы қауіпті аймақтардан тағы 53 отбасы жаңа үйлерге көшіріледі.
«Су тасқынынан қорғау — біздің абсолютті басымдығымыз. Біз тәуекелдерді азайтып, тұрғындардың тыныштығын қамтамасыз ететін кешенді қауіпсіздік жүйесін қалыптастырып жатырмыз», – деді Марат Ахметжанов.
