Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы және Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Ақмола облысындағы «Kazrost Engineering Ltd» кәсіпорнында ҚХА ЕңбеккерлерАссамблеясының ашылуына арналған салтанатты іс-шара өтті.
Шараға Ақмола облысы әкімінің орынбасары Досұлан Айтбаев қатысып,Еңбеккерлер ассамблеясы қоғамдажалпыұлттық бірлікті сақтауда ерекше роль атқаратын әлеуметтік маңызы бар жоба екенін атап өтті.
Ақмола облысында Еңбеккерлер Ассамблеясы бұған дейін «Степногорск тау-кен химия комбинаты» ЖШС-нда ашылған болатын.
«Kazrost Engineering Ltd» кәсіпорныөңіріміздегі ауыл шаруашылығы техникасының отандық өндірушісі болып табылады. Мекемедетүрлі этнос өкілдері қызмет етіп, ұжымдағы өзара сыйластық пен ынтымақтастықтың дамуына көп көңіл бөледі.
Кәсіпорынның атқарушы директоры Андрей Антропов Еңбеккерлер Ассамблеясының кәсіпорын базасында ашылуы қызметкерлер арасындағы корпоративтік мәдениетті одан әрі нығайтуға мүмкіндік беретініне баса назар аударды.
Қатысушылар өндірістік цехтарды аралап, кәсіпорынның жұмысымен танысты.
Шара барысында кәсіпорынның дамуына және ұжымның ортақ ісіне елеулі үлес қосқан жұмысшылар — Темирлан Балабай, Евгений Рябинин, Данияр Инкаров, Серікжан Баукеновтар облыс әкімі орынбасарының алғыс хаттарымен марапатталды.
«Kazrost Engineering Ltd» кәсіпорнының құрылтайшысы, облыстық ассамблеяның мүшесі Шалва Джахуташвили ҚХА-ның «Бірлік» медалімен марапатталып, Еңбеккерлер ассамблеясы бірлік пен келісім құндылықтарын дамытуға арналған алаңға айналатынына сенім білдірді.
Шара соңында «Kazrost Engineering Ltd» жеке компаниясы мен Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы арасындағы ынтымақтастықты және Еңбеккерлер Ассамблеясының қызметін ұйымдастыру мен үйлестіруді қамтамасыз етуге бағытталған Меморандумға қол қойылды.
Қатысушыларға облыстық ассамблея дайындаған концерттік бағдарлама ұсынылды.
