Ақмола облысында денсаулық сақтаужүйесі жаңа сапалық деңгейге көтерілуде. Бұрынғыдай жекелеген нысандардыжөндеумен шектелмей, өңірдің барлықауданында медициналық көмектіңқолжетімділігін түбегейлі өзгертетін жобалар жүйелі түрде жүзеге асырылып жатыр.
«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық пилоттық жобасы аясында облыста 38 жаңа нысан — дәрігерлік амбулаториялар мен фельдшерлік пункттер салынды. Бұдан бөлек, ұлттық жоба шеңберінен тыс тағы 5 медициналық нысан пайдалануға берілді. Бұл ондаған шағын ауылдар үшін тек инфрақұрылымның жаңаруы ғана емес, тұрақты медициналық көмектің алғаш ретқолжетімді болуы дегенді білдіреді. Енді 130 мыңнан астам ақмолалық өз ауылындадәрігерге қарала алады, аудан орталығынақатынаудың қажеті жоқ.
Өңірдің медициналық келбетін түбегейліөзгертетін ең ірі жоба —Көкшетаудағыкөпсалалы аурухана құрылысы. Қуаттылығы630 төсек-орын болатын бұл нысан еліміздіңсолтүстігінде халықаралық деңгейдегі алғашқыклиника болмақ. Құрылысы 2025–2027 жылдарға жоспарланған. Мұнда 2 мыңнанастам маман жұмыс істейді. Ал дәрігерлердіңбір бөлігі қазірдің өзінде шетелдетағылымдамадан өтуде: жыл соңына дейінжобаның серіктесі Renal Kokshetauкомпаниясы 50 ақмолалық дәрігерді Түркияғатәжірибе алмасуға жібереді.
«Бұл аурухана Қазақстанда теңдесі жоқхалықаралық деңгейдегі бірегей клиникағаайналады. Мұнда солтүстік өңір тұрғындарынажоғары білікті медициналық көмеккөрсетіледі», — деді облыс әкімі Марат Ахметжанов Орталық коммуникацияларқызметінде өткен брифингте.
Көкшетаудағы аурухана тек Ақмола облысының ғана емес, көршілес аймақтардыңда тұрғындарына жоғары мамандандырылғанкөмек көрсететін аймақтық медициналықорталық болмақ.
Сонымен қатар, елорда маңындағы Қосшықаласында заманауи көпсалалы аурухана мен емхана құрылысы аяқталуға жақын. Нысанныңқуаттылығы — 350 төсек-орын және тәулігіне1000 адам қабылдау, ол қала тұрғындарыменқатар жеті жақын аудан халқын да қамтитынболады. Мұнда 1700 жуық адам еңбек етеді.
«Алдағы жылдың қаңтар айында ауруханаалғашқы пациенттерді қабылдай бастайды. Жыл соңына дейін ішкі әрлеу жұмыстары мен медициналық жабдықтар мен жиһаз орнатутолық аяқталады. Ал негізгі 350 төсектіккорпустың ашылуы 2026 жылдың алғашқыжартыжылдығына жоспарланған», — деді Марат Ахметжанов.
Айта кетейік, биыл Степняк қаласындазаманауи медициналық кешеннің құрылысы аяқталды. Онда ауысымына 200 адамқабылдайтын емхана мен 45 төсектік ауруханабіріктірілген. Бұл шағын қала үшін ерекшеоқиға — енді тұрғындар алғаш рет өз қаласындатолық диагностика мен ем қабылдай алады.
Бұл жобалардың ауқымы мен жүйелілігіАқмола облысының денсаулық сақтау жүйесіенді жекелеген нысандар жиынтығы емес, біртұтас және үйлесімді қызмет ететінмедициналық инфрақұрылымға айналып кележатқанын айқын көрсетеді.
