Президент тапсырмасы орындалды: Павлодар әуежайының ұшу-қону жолағы қайта жаңғыртылды

 

Аэродром сертификаттаудан өтіп, тұрақты әуе қатынасы қайта қалпына келтірілді: ұшақтар Астана мен Алматы бағыттарына қатынайды. Әуежайдың толыққанды жұмыс істеуі үшін барлық қажетті рұқсат құжаттары алынды. 17 тамызда авиациялық қауіпсіздік қызметі сертификатталса, 21 тамызда аэродромның жарамдылық сертификаты берілді.

Ұшу-қону жолағын реконструкциялау жұмыстары ICAO халықаралық стандарттарының талаптарына сай жүргізілді. Әуежай жабық болған кезеңде ұшу-қону жолағы толықтай жаңартылып, оның ені 45 метрден 60 метрге дейін кеңейтілді. Жарық-сигналдық жабдықтар, жарықтандыру және бейнебақылау жүйелері жаңартылып, әуежай аумағының периметріне жаңа қоршау орнатылды. Бұл мақсатқа 16,4 млрд теңге бөлініп, оның 9,3 млрд теңгесі Арнайы мемлекеттік қордың қаражаты есебінен бағытталды.

Бүгінде Vietjet Qazaqstan әуекомпаниясы Павлодар–Астана бағыты бойынша аптасына төрт рет, ал FlyArystan Павлодар–Алматы бағыты бойынша күн сайын рейс орындайды. Сонымен қатар бағыттар желісін кеңейту жұмыстары жалғасуда: Ақтау, Шымкент және Ақтөбеге рейстер ашу мәселесі пысықталуда.

Халықаралық бағыттар бойынша да келіссөздер жүргізілуде. Centrum Air әуекомпаниясымен 2027 жылғы наурыздан бастап Павлодар–Ташкент бағыты бойынша рейс ашу туралы алдын ала келісімге қол жеткізілді. Сондай-ақ Мәскеу, Новосібір, Үрімші, Анталия және Шарм-эль-Шейх бағыттарына рейстер ашу мүмкіндігі қарастырылуда.

Келесі кезеңде әуежай ғимаратына реконструкция жүргізіледі. Оның өткізу қабілетін сағатына 200 жолаушыдан 300 жолаушыға дейін арттыру жоспарланған. Бұл ретте жолаушыларды қабылдау және шығарып салу, сондай-ақ тұрақты рейстерді орындау жалғаса береді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться