Ономастика және тарихи дәстүрлі атаулар

«Егер де біз қазақ деген ұлт болып тұруды тілесек, қарнымыз ашпас қамын ойлағанда тіліміздің де сақталу қамын қатар ойлау керек», — деп еді Алаш қайраткері ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы.

Асылы ата-бабамыздан мұра ретінде қалып жаһандық деңгейде өзінің мәртебесін үлкен абыроймен, дана Абай айтпақшы кірпіш ретінде өз кетігін тапқан, мағынасы теңіз түбінен де терең қасеитті ана тіліміз жайлы сөз қозғамақпын. Әрбір тұлғаның тарихы – ел тарихы. Халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан болмысы, тағдыры, танымы сол халық қойған елді мекен, жер-су атауларында жатыр. Халық берген әрбір атау – сол жердің тарихи төл-құжаты, халықтың жады, атадан балаға қалған рухани мұрасы. Ономастика бойына ұлтымыздың рухани құндылықтары мен ізгі мұраттарын жинақтаған тіліміздің, жалпы ұлттық мәдени кеңестігіміздің мазмұнға бай маңызды бөлігі болмақ. Отанымыздың жер-су атауларының барлығы бабаларымыздың әлеуметтік тіршіліктерінен, халқымыздың рухани өресі мен философиясынан тікелей хабар береді. Бұл атауларда жатқан біріңғай ұлттың тарихы мен салт-дәстүрі, бабаларымыздың ұлттық танымы туралы құнды мәліметтер болашақ ұрпақтың туған өлкесіне қатысты білімі мен дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыруына үлкен әсер бермек.

​Айта кетерлік маңызды тұжырым – мемлекеттiк тiл caяcaты жайлы сөз көтерілген де қaзaқ ономacтикacы сол тілдің құpaмдac бөлiгі екенін естен шығармаған жөн. Өйткені, қазіргі уақытта ономастика ісі тіл саясатының ен, басты бағыттарының бірі ретінде көптілді және көпұлтты елімізде үлкен саяси-әлеуметтік, мәдени мәртебеге ие болып жатыр. Алаш туын асқақтатып, жаһанға атой салып, өскелең ұрпаққа амантты табыстайтын мына біз болмақпыз!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

  • Ақын – елдің ардағы

  • «Балғын шақ» байқауы

  • «Жетісудың Сарасы — бар қазақтың дарасы»

  • Ел ардағы – Ата Заң