1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Үлгі ауылы мектебінің 80 оқушысы үшін «LingvoCamp» балалар лагерінде жарқын әрі ғажайып мереке ұйымдастырылды

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Үлгі ауылы мектебінің 80 оқушысы үшін «LingvoCamp» балалар лагерінде жарқын әрі ғажайып мереке ұйымдастырылды. Бұл мерекелік сапар балалар үшін үлкен сыйға айналып, жазғы демалыстың ең есте қаларлық әрі қуанышты күндерінің бірі болды. Оқушылар көтеріңкі көңіл күй мен ұмытылмас әсерге бөленді.

Оқушылар үшін қызықты әрі мазмұнды бағдарлама дайындалды. Бағдарлама көңілді ойындармен, ән-бимен және түрлі белсенді шаралармен толықты. Балалар лагерьге келген сәттен бастап мерекелік көңіл күй мен достық атмосферасын сезінді.

Күні бойы оқушылар түрлі эстафеталарға, байқауларға және командалық ойындарға қатысып, белсенді демалып, өз қабілеттері мен тапқырлықтарын көрсете білді. Сонымен қатар балалар ұйымшылдық пен бірлесе жұмыс істеудің маңызын сезініп, уақыттарын көңілді өткізді. Жылы әрі достыққа толы атмосфера оқушыларға ерекше қуаныш сыйлап, бұл күнді есте қаларлықтай әсерлі етті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться