Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясындаҚазақстан Республикасының Ұлттық музейінде «Мәденидәстүрлерді біріктіру және заманауи шығармашылықтәжірибелер: Қазақстан мен Ресейдің мәдениынтымақтастығы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Жиынға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Ресей Федерациясымәдениет министрінің орынбасары Андрей Малышев, сондай-ақ екі елдің музей, театр, білім беру және кино саласындағы кәсіби қауымдастық пен концерттікұйымдарының өкілдері қатысты.
Аида Балаева Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынаста мәдени ынтымақтастықтың айрықша маңызға иеекенін атап өтті. Оның айтуынша, тараптар бірлескенкөрмелер ұйымдастырып, кинофестивальдер өткізіп, өнерұжымдарының гастрольдерін жолға қойып келеді. Сондай-ақ мәдени-гуманитарлық саладағы өзара іс-қимылдың жаңатетіктерін бірлесе іздестіріп отыр.
«Кездесулеріміздің дәстүрлі сипат алып келе жатқаны өтемаңызды. Осыдан бір жыл бұрын да осындай дөңгелекүстелде бас қосып, ынтымақтастықтың келешегінталқылаған едік. Бүгінде мәдениет саласының іс жүзіндегібарлық бағыты бойынша нақты нәтижелер туралы нықсеніммен айтуға толық негіз бар. Бұл музей және архив ісінен бастап, театрлар мен концерттік ұйымдар арасындағыбайланыстарға дейінгі кең ауқымды қамтиды. Мұның бәріосындай диалогтың нақты нәтиже беретінін әрі мәдени-гуманитарлық байланыстарымызды мазмұндық тұрғыданбайытып, кеңейтуге жол ашатынын көрсетеді. Бүгінгікездесу де өзара ұстанымдарды тағы бір пысықтап, жаңабастамалар ұсынуға және бірлескен іс-шаралар аясынкеңейтуге мүмкіндік береді», – деді Аида Балаева.
Өз кезегінде Андрей Малышев те Ресей тарапыҚазақстанмен мәдени байланыстарды дамытуға ерекше мәнберетінін айтты.
«Біз Қазақстанмен мәдениет пен өнер саласындағыынтымақтастыққа айрықша мән береміз. БауырласҚазақстан Ресейдің мәдениет қайраткерлерін ерекшеықыласпен қарсы алып келеді. Бұл екі елді ортақ мәденикеңістік, рухани құндылықтардың сабақтастығыбайланыстырып отырғанын тағы бір мәрте айғақтайды. Сондай-ақ, Ресейде өткен Қазақстан мәдениеті күндерін де ыстық ықыласпен еске аламыз. Ол маңызды оқиғағаайналып, шығармашылық байланыстарымыздың жоғарыдеңгейін танытты. Бүгін біз үшін алдағы жылдардағы өзараықпалдастықтың келешегін талқылау аса маңызды. Әсіресемузей ісі, театр саласы, білім беру, кітапхана ісі және ынтымақтастықты нақты мазмұнмен байыта алатын өзге де бағыттар бойынша пікір алмасу қажет», – деді Андрей Малышев.
Дөңгелек үстелде музей ісіне басымдық берілді. Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі мен І Петр атындағыАнтропология және этнография музейі қазақ этнографиялық материалдарының каталогын бірлесіп әзірлеу жөнінде келісімге келді. Бұдан бөлек, Мемлекеттік Эрмитажбен бірлесіп, 2027 жылдың күзіне жоспарланғанжаңа археологиялық көрмелер мен өзара экспозициялардайындау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Ал, биыл күзде Қазақстан Республикасы Әбілхан Қастееватындағы Ұлттық өнер музейінде Мемлекеттік Третьяков галереясы қорынан алынған туындылар ұсынылатын «ХХ век русского искусства в 30 шедеврах» атты көрмеашылады.
Сонымен қатар реставрация саласындағы әріптестік те жандана түсті. Қазақстан тарапы осы бағыттағымамандардың Ресей орталықтары базасында тағылымдамадан өту бағдарламаларын жалғастыруға, сондай-ақ шекаралас аумақтардағы музейлермен каталогтаужәне архив ісі бойынша бірлескен жұмысты тереңдетугедайын екенін білдірді.
Киноиндустрияда фестивальдік көрсетілімдерден гөріфильмдерді бірлесіп түсіру мен ілгерілетуге басымдықберіле бастады. «РОСКИНО» өкілі ортақ практикалықжобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытты. Ал, «Қазақфильм» ұлттық киностудиясы дайындық кезеңі аяқталуға жақын қалған «Время» фильмі бойынша жұмысты жалғастыруға әзір екенін растады. Түсірілімжұмыстары Қазақстан мен Ресей аумағында өтеді деп жоспарланып отыр. Сонымен бірге Ресейдің Мемлекеттік киноқорында сақталған қазақ киносының құнды мұрасынцифрландыру ісі қатар жүргізіліп жатыр.
Кездесу барысында жас ресейлік және қазақстандықкомпозиторлар арасындағы кәсіби тәжірибе алмасумәселелері де сөз болды. Сондай-ақ, джаз музыкасындамытуға басымдық беру және концерттік алаңдар арқылыөзара ықпалдастықты жетілдіру жолдары талқыланды. Хореография өнерін өркендету мәселесіне де ерекше назараударылды. Бұл бағытта бірлескен білім беру бастамаларын, тағылымдама бағдарламаларын, шеберлік сабақтарынжүзеге асыру, сондай-ақ екі елдің бейінді академияларындақос дипломды даярлау жүйесін енгізу перспективасықарастырылды.
Жиын соңында Аида Балаева айтылған барлық ұсынысалдағы жұмыстың өзегіне айналатынын жеткізді. Сондай-ақ, ол 2027-2028 жылдарға арналған өзара іс-қимылжоспары барлық тараптың нақты ұсыныстарымен толығатүсетініне сенім білдірді.
Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі мен РесейФедерациясының Ресей этнографиялық музейі арасындаынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжаттақырыптық каталогтарды бірлесіп әзірлеуді, ғылыми және әдістемелік бағыттарды дамытуды, сондай-ақ суретшілер, реставраторлар және музей ісінің өзге де мамандарыарасындағы байланысты нығайтуды көздейді.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1207262?lang=kk
