15 наурыз күні Ақмола облысында дауыс беру үшін 760 сайлау бөлімі ашылады. Барлықбөлімдер таңғы сағат 7:00-де жұмысын бастап, кешкі 20:00-де жабылады. Қазіргі уақыттасайлау бөлімдері дауыс беруді өткізуге толықдайын: комиссиялардың жұмысыұйымдастырылған, ғимараттар қажеттіжабдықтармен қамтамасыз етілген. Соныменқатар халыққа дауыс беру тәртібі бойыншатүсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Сайлаушылар үшін өзекті мәселелердің бірі – тұрақты тіркелген жерінен тыс жерде дауысберу мүмкіндігі. Мұндай жағдайда азаматтаресептен шығару куәлігін пайдалана алады.
Көкшетау қалалық референдум комиссиясының төрайымы Мариям Калиеваның түсіндіруінше, бұл құжатты алдынала алуға болады.
«Азамат уақытша болатын орнын ауыстырғанжағдайда, 27 ақпаннан бастап 14 наурыз күнісағат 18:00-ге дейін жеке куәлігін көрсетіп, тіркелген жеріндегі учаскелік комиссиядандауыс беру құқығына арналған есептен шығарукуәлігін ала алады», – деді ол.
Дауыс беру күні азамат нақты болатынжеріндегі учаскеге есептен шығару куәлігі мен жеке куәлігін ұсынуы тиіс. Құжаттартексерілгеннен кейін учаскелік комиссия азаматты республикалық референдумғақатысуға құқығы бар тұлғалар тізіміне енгізіп, дауыс беру бюллетенін береді.
Мариям Калиеваның айтуынша, есептеншығару куәлігі бір рет қана пайдаланыладыжәне азамат дауыс берген учаскеде қалады. Жоғалған құжаттар қайта қалпынакелтірілмейді. Сондай-ақ бір елді мекенніңішінде дауыс беруді жоспарлаған азаматтарғамұндай куәлік берілмейді.
Өңір тұрғындарының ыңғайлылығы үшінАқмола облысында қосымша ақпараттандыруұйымдастырылған. Call-орталық пен Telegram-бот жұмыс істейді. Олардыңкөмегімен жеке сәйкестендіру нөмірі арқылы өзсайлау учаскеңіздің нөмірін білуге болады.
Целиноград аудандық аумақтықкомиссиясының төрайымы Әсел Айтқужинаныңмәліметінше, бұл электронды сервис тек Ақмола облысының тұрғындарына қолжетімді.
«Азамат Telegram-ботқа кіріп, ЖСН арқылыөзінің сайлау учаскесінің нөмірін анықтайалады. Бұл ақпараттандыру үдерісінжеңілдетіп, дауыс беру орнын алдын ала нақтылауға мүмкіндік береді», – деді ол.
Айта кетейік, барлық сайлау бөлімдерінде сайлаушыларды тіркеу және есептен шығарутәртібі бойынша түсіндірме материалдарорналастырылған.
