
Көп балалы ана ретінде Конституциялық реформаны қолдайтынымды айтқым келеді.
Біз, аналар, ең алдымен балаларымыздың болашағын ойлаймыз. Конституция – әр отбасының қорғаны, әр баланың құқығын қорғайтын негізгі заң. Елде тұрақтылық, әділдік және тең мүмкіндік болса ғана балаларымыз алаңсыз білім алып, өсіп-өркендей алады.
Конституциялық реформа – мемлекеттің жауапкершілігін күшейтіп, халықтың үнін естуге бағытталған маңызды қадам деп түсінемін. Әсіресе отбасы құндылықтарын қорғау, ана мен баланы қолдау, білім мен денсаулық сақтау саласының дамуы біз үшін өте маңызды.
Бүгінгі шешім – ертеңгі ұрпақтың өміріне әсер етеді. Сондықтан әрқайсымыз бейжай қарамай, өз азаматтық ұстанымымызды білдіруіміз керек.
Балаларымыздың жарқын болашағы үшін бірге болайық.
Миргүл Аяғанова,
көпбалалы ана, Біржан сал ауданының Аналар кеңесінің мүшешесі.
