Қосшы қаласында ет өңдеу саласындатабысты жұмыс істеп келе жатқан «Алтын Қазық» ЖШС ұжымы республикалықреферендумды қолдайтынын мәлімдеді. Кәсіпорын заманауи технологияларды енгізуарқылы өңірдің азық-түлік қауіпсіздігінқамтамасыз етуге және отандық өнім көлемінарттыруға өз үлесін қосып келеді.
Бүгінде серіктестік етті өңдеу, дайын өнімшығару және оны ішкі нарыққа жеткізубағытында жүйелі жұмыс жүргізуде. Өндірістіңтұрақты дамуы үшін сапа стандарттарынсақтау, санитарлық талаптарды қатаң ұстанужәне еңбек ұжымының кәсіби біліктілігінарттыру басты назарда. «Алтын Қазық» ЖШС үшін референдумға қатысу – кәсіпкерліксаласын дамытуға, заңнамалық тұрақтылықтынығайтуға және адал еңбекке негізделгенэкономиканы қолдауға бағытталған қадам.
Кәсіпорын директоры Айдар Нигметов ел дамуының негізі тұрақтылық пен ашықтықтаекенін атап өтті:
«Өндірістегі табыс – ең алдымен тұрақтылықпен нақты ережелердің нәтижесі. Біз үшінмемлекет тарапынан түсінікті әрі әділзаңнаманың болуы аса маңызды. Сонда ғанакәсіпорындар сенімді дамып, жаңа жұмысорындарын ашып, өңір экономикасына нақтыүлес қоса алады. Біз референдумды ел болашағына бағытталған жауапты шешімретінде қолдаймыз», – деді Айдар Нигметов.
Ұжымның пікірінше, елдегі ауқымды өзгерістеркәсіпкерлікке жаңа серпін беріп, өңдеуөнеркәсібінің әлеуетін арттыруға мүмкіндікашады. «Алтын Қазық» ЖШС қызметкерлеріәділдікке, еңбекке құрмет пен жауапкершіліккенегізделген қоғам құру жолындағыбастамаларды қолдайтынын білдірді.
