Әрбір адам Конституцияны мемлекеттің өміріндегі маңызды оқиға ретінде қабылдауы тиіс. Конституция – ең алдымен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының жүйесін айқындайтын әрі бекітетін құжат. Сол арқылы олардың орындалуына кепілдік беріп, мемлекеттің тұтастығы мен дамуын, гүлденуін қамтамасыз етеді.
Жаңа Конституция жобасының маңызды ерекшелігі – халықты алғашқы орынға шығарып, оның мүддесін қорғау мазмұндық жағынан тереңдетіліп отыр. Бұл құжат Қазақстан қоғамының кемелденуінің, азаматтық сананың өсуінің және жауапты мемлекетті қалыптастыру жолындағы маңызды қадамдардың бірі. Ата заңымыз уақыт талабына сай өзгертілген, ал оның мазмұнды, әрі өміршең болуы – әр азаматтың ортақ жауапкершілігі. Яғни мемлекеттік саясаттың өзегінде азаматтардың өмірі, денсаулығы, құқығы және құндылығы тұрады.
Сондықтан мен бұл бастамаларды қолдаймын және енгізілген өзгерістер ел болашағы үшін маңызы зор екеніне сенемін.
Біржан сал ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің “Тілдерді оқыту орталығы” КММ-нің директоры А.Негметжанова.
