Жастар және жаңа Конституция: жауапты таңдау – жарқын болашақ

Жастар – ел дамуының басты қозғаушы күші, қоғамның жаңаруына серпін беретін буын. Сондықтан жаңа Конституция жобасы бойынша өтетін референдум – тек саяси науқан емес, бұл – әрбір жас азаматтың болашағына қатысты маңызды шешім.

Жаңа Конституция жобасы әділетті Қазақстан құруға, заң үстемдігін нығайтуға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған. Бұл – білім алуға тең мүмкіндік, еңбек етуге жағдай жасау, кәсіпкерлікті дамыту, әлеуметтік қорғауды жетілдіру сынды маңызды бастамалардың құқықтық негізін айқындайтын құжат. Жастар үшін бұл – өз қабілетін жүзеге асыруға, бастама көтеруге, қоғам өміріне белсенді араласуға жаңа мүмкіндіктер.

Референдум – халықтың тікелей таңдау жасау құқығы. Әр дауыс – елдің ертеңіне қосылған үлес. Сондықтан жаңа Конституция жобасын қолдау арқылы біз тұрақты даму, саяси жаңғыру және әлеуметтік әділдік жолын таңдаймыз.

Бүгінгі белсенділік – ертеңгі табыстың кепілі.

Гүлден Омарова,

Біржан сал ауданының “Жастар рухы” жастар қанатының белсендісі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться