Конституцияға енгізілетін өзгерістер тек ішкі жүйені жетілдіруге ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның заманауи, құқықтық және демократиялық мемлекет ретіндегі халықаралық беделін арттыруға бағытталған.
Сыртқы саяси жағдай мемлекет пен азаматтардың мүдделерін халықаралық аренада қорғауды қамтамасыз ететін икемді, болжамды және ашық құқықтық тетіктерді талап етеді. Жаңа Негізгі заң осындай ұстанымдарды нығайтудың тиімді құралына айналуы мүмкін.
Мемлекеттің зайырлы сипатын, адам құқықтарын құрметтеуді және заң үстемдігін бекіту жаһандық стандарттарға сай келеді, бұл Қазақстанның инвесторлар мен серіктестер үшін тартымдылығын арттырады.
Сондай-ақ парламентаризмнің жаңартылған үлгісі мен билік өкілеттіктерінің әділ бөлінуі халықаралық ұйымдар мен интеграциялық бірлестіктер аясында елдің тиімді қатысуына қолайлы жағдай жасайды.
Осылайша, конституциялық реформа – қоғамды біріктіруге және мемлекеттік институттарды жаңғыртуға негізделген, Қазақстанның жаһандық кеңістіктегі орны мен тұрақты дамуын нығайтатын стратегиялық маңызды қадам болып табылады.
Ақмарал Кенжебаева,
Қоғамдық кеңесіңің төрайымы.
Біржан сал ауданы.
