Жаңа Конституция жобасы – ел дамуының берік негізі

Конституция – жай ғана құқықтық құжат емес. Ол – мемлекеттіліктің іргетасы, қоғам құндылықтарының көрінісі және ел дамуының стратегиялық бағдары. Сондықтан Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа жобасын талқылау ерекше маңызға ие.

Ұсынылып отырған өзгерістер саяси жүйені жетілдіруге, билік тармақтарының тепе-теңдігін нығайтуға, мемлекеттік органдардың қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыруға, сондай-ақ азаматтардың ел басқару ісіне қатысу тетіктерін кеңейтуге бағытталған. Негізгі назар – адам құқықтары мен бостандықтарына, әлеуметтік әділдікке және тұрақты дамуға аударылып отыр.

Жаңа Конституция жобасы заң үстемдігін, ашықтық пен есептілікті күшейтуді көздейді. Бұл – қазіргі заман талаптарына және азаматтардың үміт-сеніміне сай тиімді мемлекеттік басқару үлгісін қалыптастыру жолындағы маңызды қадам.

Талқылау үдерісінің ашық түрде, қоғамдық институттар, сарапшылар және азаматтардың қатысуымен өтуі – құқықтық мәдениетті нығайтуға және белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға ықпал етеді.

Жаңа Конституция жобасын қолдау – бұл жаңғыру бағытын, мемлекеттілікті нығайтуды және Қазақстанның демократиялық, құқықтық мемлекет ретінде одан әрі дамуын қолдау.

Миргүл Аяғанова,

Біржан сал ауданының Аналар кеңесінің мүшесі.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться