Бүгін аудандық кітапханада көпбалалы аналардың қатысуымен «Конституциядағы балалардың құқықтары» тақырыбында түсіндіру кездесуі өтті. Іс-шара ата-аналардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған Конституцияның негізгі нормалары жөнінде ақпарат беруге арналды.
Кездесу барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасы Конституциясында бекітілген баланың өмір сүруге, білім алуға, денсаулығын сақтауға, әлеуметтік қорғауға және жан-жақты дамуына қолайлы жағдайларға ие болу құқықтары жан-жақты түсіндірілді. Сондай-ақ мемлекет, отбасы және қоғамның балаларға қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастырудағы жауапкершілігіне ерекше назар аударылды.
Көпбалалы аналар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, өмірлік тәжірибелеріне байланысты нақты жағдайларды талқылап, балалардың құқықтарын іске асыру және қорғау тетіктері бойынша тиісті түсіндірмелер алды. Кездесу ашық диалог форматында өтіп, пайдалы ақпарат алмасуға мүмкіндік берді.
Сегодня в районной библиотеке состоялась разъяснительная встреча на тему «Права детей в Конституции» с участием многодетных матерей. Мероприятие было организовано с целью повышения правовой грамотности родителей и информирования их о ключевых конституционных нормах, направленных на защиту прав, свобод и законных интересов детей.
В ходе встречи участникам были подробно разъяснены основные положения Конституции Республики Казахстан, касающиеся прав ребёнка на жизнь, образование, охрану здоровья, социальную защиту и благоприятные условия для всестороннего развития. Особое внимание было уделено вопросам ответственности государства, семьи и общества за создание безопасной и поддерживающей среды для детей.
Многодетные матери получили возможность задать интересующие их вопросы, обсудить практические ситуации и получить разъяснения по механизмам реализации и защиты прав детей. Встреча прошла в формате открытого диалога, что способствовало активному обмену мнениями и полезной информацией.
