
Бүгінгі таңда жаңа Конституция жобасы — елдің болашағын айқындайтын маңызды қадам. Бұл құжатта жастар саясаты тек әлеуметтік бағыт емес, мемлекеттің стратегиялық басымдығы ретінде қарастырылуы тиіс.
«Жастар рухы» жастар қанаты жастардың даусын еститін, олардың мүддесін қорғайтын ашық әрі әділетті қоғамды қолдайды. Жаңа конституциялық қағидаттар жас ұрпаққа сапалы білім алуға, еңбек етуге, кәсіп бастауға және қоғамдық өмірге белсенді қатысуға нақты мүмкіндіктер ашуы қажет.
Біздің ұстанымымыз айқын: жастар — ел дамуының қозғаушы күші. Сондықтан мемлекет жастардың бастамаларын қолдап, олардың жауапты азамат ретінде қалыптасуына жағдай жасауы тиіс. Бұл — тұрақты даму мен қоғамдық келісімнің берік негізі.
Жастарға сенім артылған жерде — болашақ бар.
Арман Әлжанов, Біржан сал ауданының «Жастар рухы» жастар қанатының көшбасшысы.
