Жаңа Конституция – тұрақты дамудың негізі

Жаңа Конституциялық жобада мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік қорғау туралы Аудан әкімінің мүгедектігі бар адамдар мәселелері жөніндегі кеңесшісі ретінде, Қазақстан Республикасының жаңа Конституциялық жобасында халықтың әлеуметтік қорғалу мәселелері мен барлық азаматтар үшін тең құқықтарды қамтамасыз ету ерекше орын алатынынатап өту маңызды деп санаймын.

Негізгі заң жобасы әлеуметтік кепілдіктерді нығайтуға, қолжетімді орта құруға және мүгедектігі бар адамдардың еңбек, білім алу, медициналық көмек алу және қоғамдық өмірге қатысу сияқты құқықтарын толық жүзеге асыра алатын жағдайлар қалыптастыруға бағытталған.

Әлеуметтік қорғаубұл тек қолдау шараларығана емес, сонымен бірге адам қадір-қасиетіне құрмет көрсету, әр адамның қажеттіліктеріне назар аудару және мемлекеттің өз азаматтарына деген жауапкершілігі. Конституциялық өзгерістер ешкім назардан тыс қалмайтын, көмексіз қалмайтын инклюзивті қоғамды әрі қарай дамыту үшін берікнегіз қалайды.

Жаңа Конституциялық жобаны қабылдау мүгедектігі бар адамдардың құқықтары сенімді қорғалған, әділетті және әлеуметтік бағытталған мемлекет құруға маңызды қадам болатынына сенімдімін.

Р. Айтмагамбетова,

Біржан сал ауданы әкімінің мүгедектігі бар адамдар мәселелері  жөніндегі әкімнің кеңесшісі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться