Менің жұмысқа орналасу жолым және жаңа Конституция жобасы

 

Жұмыссыз қалу — оңай емес. Бұл ертеңгі күнге, отбасыңа және өзіңе деген сенімге қатысты үлкен алаңдаушылық тудырады. Мен мұны өз басымнан өткердім.

Жұмысқа орналасуға жәрдем алу үшін жүгінген кезде, нақты қолдауды сезіндім: кеңес берілді, лайықты бос жұмыс орындары ұсынылды, ең бастысы — жалғыз еместігімді түсіндім. Бұл тек жұмыс табуға ғана емес, өз күшіме деген сенімді қайта қалпына келтіруге көмектесті.

Қазақстан Республикасының жаңа Конституция жобасы халықты жұмыспен қамту мен әлеуметтік қолдаудың мемлекет үшін маңызды бағыт болып қала беретінін көрсетеді. Адам мен оның еңбегі басты құндылыққа айналғанда, болашаққа деген сенім де арта түседі.

Бүгінде менің тұрақты жұмысым, жоспарларым және ертеңге деген үмітім бар. Осындай мүмкіндіктер әрбір азаматқа қолжетімді болса екен деп сенемін.

Біржан сал ауданы “Агро Құдықағаш” кәсіпорнының жұмысшысы Ардақ Сағымбаев

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться