Отбасы — мемлекеттің қорғауында

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасында отбасы, ана, әке және бала мәселелеріне ерекше мән берілген.

Құжатта отбасы қоғамның негізі екені айқын көрсетіліп, неке — ер мен әйелдің ерікті әрі тең құқықты одағы ретінде белгіленеді. Бұл нормалар отбасылық құндылықтарды нығайтуға және қоғамдағы тұрақтылықты сақтауға бағытталған.

Жобаға сәйкес, отбасы, ана болу, әке болу және балалық шақ мемлекет қорғауында болады. Сонымен қатар, ата-аналардың балаларды тәрбиелеу жауапкершілігі күшейтіліп, олардың жан-жақты дамуына жағдай жасау мемлекеттік саясаттың басым бағыты ретінде айқындалады.

Жаңа Конституция жобасы балалардың құқықтарын қорғауды, отбасын қолдауды және рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайтуды ел дамуының маңызды негізі ретінде қарастырады.

Сондықтан Конституция жобасын қоғамдық талқылау — әрбір азамат үшін маңызды. Себебі бұл құжат отбасымыздың, балаларымыздың және болашақ ұрпақтың тағдырына тікелей әсер етеді.

Біржан сал ауданы Аналар кеңесінің мүшесі, көпбалалы ана М. Аяғанова

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться