Біржан сал ауданындағы ашық сот процесі

«Заң мен Тәртіп» акциясы және «Рецидивтіалдын алу» жобасын іске асыру аясында Біржан сал ауданының прокуратурасы азамат В-ға қатысты бас бостандығын шектеу түріндегі жазаның өтелмеген бөлігін бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы ісі бойынша көрме сот процесін ұйымдастырды.

Іс-шараның мақсаты – бас бостандығын шектеу түріндегі жазаның орындалуы кезінде құқықбұзушылық жасамау және белгіленген талаптар бұзылған жағдайда бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға ауыстырылуы мүмкін екендігін ескерту.

Шешімді қайта қарауға азамат В-ның жүйелі түрде заң бұзушылықтары негіз болды. Ол сот жүктеген міндеттерді орындаудан қасақана жалтарып, бірнеше рет әкімшілікке жауапкершілікке тартылған.

Сот ұсынылған материалдарды зерделеп, дәлелдерді негізді деп танып, бас бостандығын шектеу түріндегі жазаның өтелмеген бөлігін бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралышешім қабылдады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться