Қазақстан – сан түрлі этностардың бейбітжәне келісімде өмір сүріп жатқан мемлекеті. Тарихтың талай бұлтарысты жолдарындатағдыр тоғыстырған халықтар үшін ортақшаңыраққа айналған еліміз Тәуелсіздікалған алғашқы күннен бастап этносаралықкелісімді басты құндылық ретіндеайқындады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Бірлік пен бейбітшілік – ел дамуының негізі» деген ұстанымы ел ішіндегі тұрақтылықты сақтау бағытындағы жүйеліжұмыстардың өзегіне айналып отыр. Сол маңыздыбағыттардың бірі – этномедиация.
Бүгінде Қазақстанда ғана емес, халықаралық деңгейде де мойындалған бітімгершілік бастамалар – ел ішіндегіұлтаралық келісімді нығайтудың сенімді тетігі. Бұл тұрғыдаөңірімізде да нақты істер жүзеге асып, нәтижелі жұмысүлгісі қалыптасуда. Әсіресе, өңірлік Қазақстан халқыАссамблеясы құрылымдарының бір тармағы ретінде жұмысістейтін Этномедиация орталығы мен «Қоғамдық келісім» мекемесінің бірлескен жобалары ерекше назар аударуғатұрарлық.
2024 жылы құрылған Этномедиация орталығы бүгінде өзжұмысын жүйелі жалғастыруда. Бұл орталықтың бастымақсаты – этносаралық шиеленістің алдын алу, бейбітшілікпен келісімді нығайту және дау-жанжалдарды ерте шешугеықпал ету.
2025 жылдың бірінші тоқсанында Этномедиация орталығы530-дан астам адамды қамтыған 14 ауқымды іс-шара ұйымдастырды. Оның ішінде жастармен идеологиялықкездесулер, этномәдени бірлестік өкілдерімен кеңестер, ардагерлер мен ақсақалдар алқаларымен сұхбаттасу, қоғамдық қабылдаулар, диалог алаңдары және кеңестікотырыстар өткізіліп, халықпен ашық әрі сенімді байланысорнатылды.
Этномедиация кеңесі – өңірдегі ең белсенді әрі тәжірибелісарапшылардан құралған қоғамдық құрылым. Оныңқұрамына этномәдени бірлестіктер, аналар кеңесі, ақсақалдар, білім мен мәдениет саласының өкілдері, спортшылар, дін қызметкерлері, саясаттанушылар мен кәсіби медиаторлар енген. Олардың әрқайсысы этносаралыққарым-қатынастардың жай-күйіне бей-жай қарамай, қоғамдағы келісім мен татулықты сақтауға өзіндік үлесқосып келеді. Кеңес отырыстарында өңірдегі этномедиацияинститутын дамыту, этносаралық және конфессияаралықкелісімді сақтау жолындағы жаңа қадамдар, туындауымүмкін шиеленістердің алдын алу механизмдері егжей-тегжейлі талқыланып, нақты ұсыныстар енгізілуде.
Этномедиация – бейбітшілік пен келісімнің тірегі. Әртүрліэтнос өкілдері арасындағы түсініспеушілік немесетұрмыстық кикілжің этникалық реңк алып кетпеуі үшіналдын ала әрекет ету маңызды. Медиация – қарапайымтілдесу арқылы шешілетін диалогтың мәдениеті. Біз сонықоғамда қалыптастыруға тырысамыз, – дейді Этномедиацияорталығының меңгерушісі Валентина Досыбиева.
Өңірдегі этномедиация аясындағы бірқатар шараларөскелең ұрпақтың бойына толеранттылық пен көпэтностықоғам құндылықтарын сіңіруге бағытталған. Сыныпсағаттары, диалог алаңдары, пікірталастар, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары арқылы жасөспірімдердің бойындаөзге ұлттың тілі мен дініне, мәдениеті мен дәстүрінеқұрметпен қарау мәдениеті қалыптасады. Мұндайкездесулерде күнделікті өмірде орын алатын ұлтаралықтүсініспеушіліктің, радикалды көзқарастардың алдын алуғабағытталған ашық әңгімелер өрбиді. «Қоғамдық келісім» мекемесінің ұйымдастыруымен өткен тоқсанда 360-тан астам жас қатысқан 10 іс-шара ұйымдастырылыпты.
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХА сессиясындасөйлеген сөзінде этносаралық қатынастар саласындағымедиаторлар корпусын дайындау қажеттігін атап өтті. Осыған орай, 2025 жылдың екінші жартыжылдығында«Этномедиация және конфликтология» тақырыбындаарнайы оқыту курстары ұйымдастырылмақ. Қатысушыларқатарында ауыл әкімдері, мектеп басшылары, учаскелікполиция қызметкерлері, имамдар мен қоғам белсенділерібар. Бұл бастама этностар тығыз шоғырланған ауылдықокругтердегі ахуалды бейбіт әрі кәсіби жолмен үйлестіругемүмкіндік береді.
Облыста этносаралық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін«Бейбітшілік және келісім» және «Достық керуені» атты екіпилоттық жоба іске қосылғанын айта кеткен жөн. Бұлжобалар аясында этностар тығыз орналасқан елдімекендерде этнокарталар әзірленіп, ақпараттық-түсіндіружұмыстары жүйеленді. Жергілікті әкімдіктер мен құқыққорғау органдары өкілдерімен бірлескен консультациялар ай сайын өткізіліп, тоқсан сайын 1000 респондентті қамтитынәлеуметтік зерттеулер жүргізілуде. Мониторинг нәтижесіндеөңірдегі әлеуметтік ахуалдың өзекті мәселелері анықталып, тиісті шешімдер қабылданады.
Этносаралық келісімнің маңызды тетіктерінің бірі – бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілердегітүсіндіру жұмыстары. Этномедиация тақырыбындабарлығы 7 мақала мен 19 түрлі материал жарияланып, қоғамның әртүрлі тобына ақпарат жеткізілген. Бұл – халықпен арадағы байланысты нығайтудың маңыздықұралы.
Бүгінгі таңда өңірдегі этносаралық жағдай тұрақтыболғанымен, мектептердегі оқушылар арасындағыкеліспеушіліктер, жасөспірімдер арасындағы кикілжіңдер, әлеуметтік желілердегі арандатушылықтар секілдімәселелер аз кездеспейді. Мұндай кезде этномедиаторлармен облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы ақсақалдаркеңесінің өкілдері уақытылы араласып, түсіндіружұмыстарын жүргізеді. Бұл – ұлтаралық кикілжіңнің алдыналатын ең сенімді жолдардың бірі. Сонымен қатар, арнайыалгоритмге сәйкес жергілікті жерлерде профилактикалықжұмыстар да үздіксіз ұйымдастырылуда.
Этномедиация – еліміздің ішкі тұрақтылығын қамтамасызететін өзекті сала. Ол әлі де дамып, қалыптасу кезеңіндеболғанымен, бүгінгі күннің өзінде-ақ нақты нәтиже беріпотыр. Жамбыл облысындағы тәжірибе – соның айқындәлелі. Бұл сала қоғамның әрбір мүшесінің бейбіт өмірге, келісімге және өзара құрметке негізделген мәдениеттіұстануына ықпал етеді. Этносаралық келісім – тек мемлекетке ғана емес, әрбір азаматқа керек құндылық.
Айжан ӨЗБЕКОВА, журналист.