Қазақстан халқы Ассамблеясы Ақтау қаласында«ҚХА-ға 30 жыл: бірлік пен келісім» аттыреспубликалық этномедиаторлар форумындаұлттар татулығын сақтау, ел ішінде іріткітуғызбау, оның алдын алу тұрғысындағыатқарған жұмыстарын ортаға салып, алдағыжоспарларын талқылады.
Форум Қазақстан халқы Ассамблеясының«Елдесу және татуласу» жобасы аясында 28 шілде мен 8 тамыз аралығында өтіп жатқанэтномедиацияға арналған ақпараттық-ағартушылық марафонның басты басқосуысаналады. Марафон бағдарламасына сайкөшпелі тренингтер, дөңгелек үстелдер, подкасттар мен этномедиацияға арналғанавторлық арнайы курстың таныстырылымдарыөткізіледі.
Форумға Маңғыстау облысының әкіміН.Қилыбай, Президент әкімшілігі ҚХА хатшылығының меңгерушісі М.Әзілханов, сондай-ақ республикалық, өңірлікэтномедиация орталықтарының жетекшілері, еліміздің әр өңірінен келген делегаттар, этномедиаторлар, ақсақалдар мен аналаркеңесінің мүшелері, үкіметтік емес ұйымөкілдері мен мәслихат депутаттары, жергіліктімемлекеттік орган өкілдері қатысты.
Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясында Президент Қ.Тоқаев: «Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат, Ішкі істер, Әділет министрліктері мүдделімемлекеттік органдармен, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының, облыстардыңәкімдерімен бірлесіп, Қазақстан халқыАссамблеясының этномедиация саласындағыжұмысына жан-жақты қолдау көрсетсін, «Елдесу және татуласу» жобасының ауқымынкеңейтсін», деп тапсырма берген болатын. Сондай-ақ Мемлекет басшысы: «Этносаралықтүсініспеушіліктердің алдын алуда маңызды рөлатқаратын ҚХА-ның этномедиация институтынатоқталғым келеді. Кейінгі уақытта Ассамблея қызметіндегі сарапшылық құрамның сапасыжаңа деңгейге көтерілді», деп атап өтті.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТоқаевтыңБҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпенкездесуінде Бас хатшы Қазақстандағыэтносаралық татулық пен қоғамдықауызбіршілікке жоғары баға берді. Біз бір-бірімізге қолдау көрсетіп, ортақ мақсатқажұмылсақ қана өңіріміздің, еліміздің әлеуетінарттыра аламыз. Ауызбіршілік пен өзаратүсіністік бар жерде ғана нәтиже де, даму да болады. Сондықтан ынтымағымызды бекемдеп, оны барынша дамытуымыз керек», дедіМаңғыстау облысының әкімі Н.Қилыбай.
Президент әкімшілігі ҚХА хатшылығыныңмеңгерушісі М.Әзілханов ұлтаралық татулықтысақтау, қазіргі қоғамдағы кездесетін кейбірмәселелер мен олардың алдын алу, атқарылғанжұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы кеңінен баяндады. Маңғыстау облыстық мәслихатының хатшысы, Қазақстан халқыАссамблеясының өңірлік этномедиациякеңесінің төрағасы, форум модераторы Ж.Матаев мемлекет дамуындағыэтномедиацияның маңызына, жергіліктідеңгейде атқарылған бірқатар жұмыстарғатоқталды.
Президент жанындағы Мемлекеттік басқаруакадемиясының вице-ректоры Ә.Масалимованың «ҚХА этномедиацияинститутын дамытудағы мемлекеттік басқаруакадемиясы» тақырыбындағы, Мәдениет және ақпарат министрлігі Азаматтық қоғам істерікомитеті төрағасының орынбасарыЖ.Әлжанованың «Медиацияны дамытудыңнегізгі тәсілдері» тақырыбындағы, өзге де қатысушылардың маңызды баяндамалары тыңдалып, өңірлердегі этномедиацияинститутының даму тәжірибесі, этносаралыққатынастарды реттеудегі тиімді әдістер мен практикалық кейстер, этномедиаторлардыңкәсіби даярлығы мен оқыту бағдарламаларыныңрөлі сөз болды. Қатысушылар этносаралықжанжалдардың алдын алу алгоритмдері, қоғаммен сындарлы өзара іс-қимыл жасаужолдары, халықаралық тәжірибелер, еліміздемедиацияны дамытуға арналған негізгі тәсілдертуралы пікір алмасты.
Еліміздің әр өңірінде форум өткізуді дәстүргеайналдырған ассамблеялықтардың бұлМаңғыстауда екінші рет басқосуы. Сол тұрғыдабұл бағытта Маңғыстау облысында атқарылғанжұмыстар барысы таныстырылды. Тоқталарболсақ, өңірде этномедиация бағытында жүзегеасып жатқан жобаның бірі – «Ассамблея. Парламент. Мәслихат» жобасы.
– Жоба шеңберінде Маңғыстау облыстық мәслихаты Қазақстан халқы Ассамблеясыментығыз байланыста жұмыс жүргізіп жатыр. Аталған жоба аясында облыс, аудан, қала депутаттарынан ҚХА-ның депутаттық тобықұрылып, аталған топтың жұмыс жоспарынасәйкес этномедиаторлармен бірлескен қабылдаужүргізіліп келеді. Биыл Ақтау қаласының түркіәлемінің мәдени астанасы болуына орай, Маңғыстау облысының этномедиациясындамыту, шетелдегі әріптестермен тәжірибеалмасу жұмыстары жоспарланды. Алматы қала-
сында Ұлттық қауіпсіздік комитеті Академиясыбазасында аз уақыт аралығында 6 этномедиаторөз біліктіліктерін шыңдады. Сондай-ақэтномедиаторлардың біліктілігін арттырумақсатында 30 этномедиатор жалпы және арнайы курстардан өтіп, «Парасат» медиация және құқық орталығының сертификатын алды, – деді Маңғыстау облыстық мәслихатыныңхатшысы, Қазақстан халқы Ассамблеясыныңөңірлік этномедиация кеңесінің төрағасыЖ.Матаев.
«Елдесу және татуласу» жобасы аясындажергілікті құқық қорғау органдарымен тығызбайланыста жұмыс жүргізу де дұрыс жолғақойылған. Форум барысында этномедиацияныбейбіт диалогтің тиімді құралы ретінде дамыту, медиаторларды даярлау, құқықтық ағарту, ведомствоаралық ынтымақтастықты жетілдірумәселелері қарастырылып, «Жалпы медиация курсы» бойынша сертификатталған оқытунәтижелері мен «Этносаралық саладағықақтығыстардың алдын алу және оларды реттеужөніндегі медиация» (этномедиация) тақырыбындағы арнайы курстың тұсаукесері, өңірлік тәжірибелер мен сарапшылардыңбаяндамалары қамтылатын панельдік сессия ұйымдастырылды.
Форумда этносаралық татулық пен қоғамдықкелісімді нығайтуға қосқан үлесі үшін бірқатар азамат Қазақстан халқы Ассамблеясыныңарнайы марапаттарына ие болды.
Ассамблеяның жұмысы, этномедиаторлардыңдеңгейі жиналыстар мен марапаттар көлеміненемес, ел арасындағы алауыздықтыауыздықтауынан, ұлттық ар-намысқа тілтигізушілерді тәртіпке салуынан, керек десезаңға сай тиісті жазасын беруден көрінеді. Сондықтан аталған ұйымның белсенділігі мен беделі әрдайым сын сатысында тұрады.
https://egemen.kz/article/392839-etnomediatsiya-tatulyq-pen-uylesim