Тағылымды жолдың тамыры терең

 


Ұлтым
басқа, тілімқазақ

Өркен ауылына жолымыз түскенде, бірлігі мен берекесі жарасқан, ұрпағына қазақтың рухынсіңіріп келе жатқан бір өнегелі отбасыментаныстық. Бұл ата-бабасы тарихи сынақтардансүрінбей өтіп, қазақ жерінде тамырын терең жайғаннеміс ұлтының өкілі Андрей мен оның зайыбыРимма Штирдің әулеті.

Осы ауылда бірлік пен татулықтың жарқын үлгісіболып отырған Штир әулетінің отағасы Андрей Адамұлы Солтүстік Қазақстан облысының Баянауылдеген ауылында дүниеге келген. Әке-шешесі кеңестіксаясаттың ұрда-жық сықпытымен сұрапыл соғысжылдары Қазақстанға депортацияланған. Қонысаударған жерінде отбасын құрып, келе-келе 11 бала өсіріп, қазақ топырағына тұрақтаған.

Көп балалы әулетте өсіп-өнген, әрі еңбекпен көгергената-анасының тәлімді тәрбиесін бойына сіңіргенАндрей 1989 жылы татар қызы Риммамен отау құрып, бас қосады. Өзі ауыл шаруашылығы, ал, жары Римма есеп-қисап саласында еңбек етеді. Олар 2002 жылызаманның ағымына қарай тұрмыс жағдайымен көріктіКөкше өңіріне қоныс аударып, бүгінгі таңда зерліЗерендінің Өркен ауылында қанатын кеңге жайып, өмірсүруде.

Ұлты неміс болғанымен, тілі мен жаны қазақАндрейдің туған жеріне деген құрметі зор. Ал, адалеңбекбұл шаңырақтың басты қағидаларының бірі. Үш ұл өсіріп, бүгінде олардан 5 немере сүйіп отырғанқадірлі ата-әже қазақтың салт-дәстүрлерін де берікұстанады және осыны ұрпағының бойына сіңіріпкеледі. Отбасында олар тек қазақша сөйлесуді әдеткеайналдырған. Өздерінің балалары үйленіп, келінтүсіргенде қазақы дәстүр бойынша беташар жасапты, ал, немерелері дүниеге келгенде, қалжа той өткізіпті, Құрбан айт пен Ораза сияқты діни мерекелерді де құрметтеп, ескеріп отырады. Бұның барлығы осы отбасындағы қазақы тәрбиенің айқын көрінісі емеспе?!.

Балаларым әскер қатарында болып, ел алдындағыазаматтық борыштарын абыроймен өткеріп келді. Ұлдарымның бәрі елім деп еміреніп, жерім депжұмылып еңбек ететін азамат болып өсті. Немерелеріміз де кішкентайынан сол тәрбиені көріпотыр, – дейді Андрей Штир мақтанышпен.

Римма апайдың айтуынша, отбасының берекесі әйелдіңқолында. Ол келін болып түскен күнінен бастапауылдың салт-дәстүріне, тіл мен дінге ерекше мәнберген.

Бізді тәрбиелеген үлкендерге алғысым шексіз. Балаларымызға да сол өнегелі тәрбиені үйретугетырыстым. Қазақ елінде өмір сүріп жатқан соң, қазақтың тілін де, дәстүрін де, салтын да құрметтеубіздің парызымыз, – дейді ол.

Қазақ еліне сіңіп кеткен өзге ұлт өкілдерінің елге, жерге, дәстүрге деген осы бір құрметі кім-кімді де бейжай қалдырмасы анық қой. Штир отбасы еліміздегіэтносаралық татулықтың жарқын бір көрінісі деугекеледі. Мұндай өнегелі отбасылар ел ішіндегі бірліктібекемдеп, болашақ ұрпаққа үлгі болары сөзсіз.

Тіршілігі тиянақты, жүректері кең, шаңырақтарышаттыққа толы Штир отбасындай әулеттер көбейебергей

Нұрсәуле МҰРАТ,
«Қазақстан» республикалықтелерадиокорпорациясы акционерлік қоғамының
Ақмола облыстық филиалының редакторы.

 Зеренді ауданы.

Тағылымды жолдың тамыры терең

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

  • Келісім мен татулықтың мерейлі 30 жылы

  • Бейбітшілік, келісім, бірлік, достық – бізді біріктіретін құндылықтар

  • Этномедиация: татулық пен үйлесім

  • Ассамблея – этносаралықтатулықтың кепілі