IQanat Олимпиадасы Ақмола облысында: кім ТОП-1000-ға кіреді?

IQanat Олимпиадасы Қазақстанның өңірлерін қамтуды жалғастырып жатыр, зияткерлік жарысқа енді Ақмола облысы қосылады. Үш күн ішінде өңір ауылдарының бірінші турдан сәтті өткен 400-ден астам оқушысы 1000 финалист қатарына кіру үшін тест тапсырып жарысады.

Биылдың басты ерекшелігі – Peer-to-Peerжобасы. IQanat Олимпиадасы білім байқауы ғана емес, енді білім берудегі тәлімгерлік алаңына айналып, жаңа мазмұнға ие болды. Енді жоғары сынып оқушылары мен IQanat түлектері төменгі сынып оқушыларына тәлімгер (тьютор) болып, олардың мектеп бағдарламасы бойынша жетіспей жатқан білімдерін көтеруге көмектеседі.

Айта кетейік, емтихан процесінен бөлек, оқушылар ынталандыру тренингтеріне, квесттерге, командалық ойындарға және дамытушы шараларға қатысады. Балаларға 11 тьютор және IQanatжобасының 7 қатысушысы көмектесіп, олардың өз әлеуетін ашуына және алдағы академиялық міндеттерге дайын болуына ықпал етеді.

IQanat Олимпиадасы жыл сайын ауылдардың 50 000-нан астам 8-сынып оқушысын қамтиды. Олардың 70 пайызы әлеуметтік тұрғыда осал отбасылардан шыққан. IQanat жай жарыс қана емес, ол Nazarbayev University, University ofChicago, Purdue University сынды Қазақстан және әлемнің жетекші жоғары оқу орындарына түсуге арналған үш жылдық сапалы дайындықтың мүмкіндігі.

Екінші тур қорытындысында бүкіл ел бойынша 1000 финалист іріктеледі. Олардың бір бөлігі Бурабайдағы IQanat мектеппансионатында оқу мүмкіндігіне ие болса, басқалары олимпиададан кейінгі үш жылдық тегін қолдау бағдарламасына енеді. Оның аясында балалар ҰБТға, халықаралық емтихандарға интенсивті дайындалып, ағылшын тілін ІТ дағдыларды және кәсіпкерлік негіздерін меңгереді.

IQanat Олимпиадасы білім сынағы ғана емес, сонымен бірге болашақ көшбасшыларға арналған ұмытылмас тәжірибе, шабыт пен жаңа мүмкіндіктер!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться