Мәжіліс депутаты ауданымызда болды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында атом электр станциясын салуға қатысты халық таңдауын жасауы үшін референдум өткізуді тапсырған болатын.

АЭС салу туралы ел ішінде түрлі пікірлер мен сұрақтар көп. Осыған орай, референдумнан бұрын жұртшылықтың пікірін тыңдап, сұрақтарына дәлелді жауап беріліп, АЭС салудың артықшылықтары мен залалсыздығын түсіндіру үшін қыркүйек айының 23 жұлдызында Қазақстан халқы Ассамблеясынан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаты Наталья Дементьева ауданымыздың тұрғындарымен кездесіп, АЭС салу бойынша,оның қажеттілігі мен артықшылықтары туралы пікір алмасып,оның жұмыс істеу принциптері мен қоршаған ортаға әсер етуі туралы ақпарат алды.

6 қазан 2024 жылы өтетін АЭС салу бойынша өтетін референдумға қатысып,өз маңызды шешім қабылдауды шақырды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться