Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, ауданымызда «Таза Қазақстан» акциясы аясында қыркүйек айының 21 жұлдызында жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылды.
Сенбіліктің қоғамның назарын, қала көшелерінің тазалығын сақтауға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруда маңызы зор. Сенбіліктің басты мақсаты – қаланың көркіне көрік қосу, тазалығы мен экологиялық жағдайын жақсарту.
Тазалықты жанына серік еткен аудандық жастар ресурстық орталығының мамандары, үкіметтік емес ұйымдары мен түрлі мекеменің ұжымдары бір кісідей атсалысып, әрбір ұжым өзіне тиесілі бөлінген аумақтарда, көшелерде тазалық жұмыстарын қарқынды жүргізді. Соның ішінде, орталық көшелер мен әлеуметтік нысандардың айналасын толық қамтыған тазалық жанашырлары спорт, балалар алаңдары сырланып, саябақ тазаланып, шөп шабылып, қоқыс жиналып, қоршаған ортаның көркеюіне ықпал етті. Сондай-ақ, ауданымызға қарасты барлық ауылдық округтерде де сенбілік ұйымдастырылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
Сенбілік – тұрғындардың қоршаған ортаны таза ұстауға, экологиялық мәдениет қалыптастыруға және ауданның санитарлық жағдайын жақсартуға оң әсерін тигізуде.