Президент Жолдауы – Қазақстанның дамуы мен жаңа мүмкіндіктерінің негізі

шаруашылығы өндірісін жаңғырту, шаруа қожалықтарын қолдау және заманауи технологияларды енгізу халықтың жұмыспен қамтылуы мен табысын арттырудың маңызды факторларына айнала алады. Сонымен қатар өндіріс көлемін ұлғайтумен ғана шектелмей, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуге, шағын бизнесті дамытуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға қолайлы жағдай жасау қажет.
Тағы бір маңызды бағыт – цифрландыру. Заманауи технологиялар күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігіне айналып, білім беру, денсаулық сақтау, кәсіпкерлік және мемлекеттік басқару салаларында жаңа мүмкіндіктер ашуда. Цифрлық шешімдерді енгізу көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға, бюрократиялық рәсімдерді қысқартуға және азаматтардың мемлекеттік органдармен өзара байланысын барынша ыңғайлы әрі ашық етуге мүмкіндік береді.

Алайда технологиялық даму халықтың цифрлық сауаттылығын арттырумен қатар жүруі тиіс. Әсіресе ауылдық елді мекендердің тұрғындарына, аға буын өкілдеріне және жастарға заманауи қызметтерді пайдалануға тең мүмкіндіктер беру маңызды. Цифрландыру ең алдымен адам игілігіне қызмет етіп, күнделікті мәселелерді шешуді жеңілдетуі қажет.

Мемлекеттік саясатта әлеуметтік әділеттілік мәселесі де маңызды орын алады. Балалы отбасыларды қолдау, сапалы әрі қолжетімді білім беруді қамтамасыз ету, денсаулық сақтау жүйесін дамыту, жастарды жұмыспен қамтуға жағдай жасау және әлеуметтік осал топтарды қорғау – қоғамның тұрақты дамуының басты шарттарының бірі.

Осы орайда мемлекеттің өскелең ұрпақтың болашағына қосымша мүмкіндіктер жасауға бағытталған «Ұлттық қор – балаларға» бастамасы ерекше назар аударуға тұрарлық. Бағдарлама аясында жинақталатын қаражат жас қазақстандықтарға білім алу және тұрғын үй жағдайын жақсарту мәселелерін шешуде елеулі қолдау бола алады. Мұндай тетіктер ұлттық ресурстарды әділ бөлу қағидатын нығайтып, мемлекеттің келешек ұрпақ алдындағы жауапкершілігін айқындай түседі.

Дина Ақышева,

аудандық газеттің директор-редакторы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться