
Біржан сал ауданының прокуратурасы назарларыңызға салады!
Соңғы кездері алаяқтық қылмыстары, соның ішінде интернет және байланыс құралдары арқылы жасалынатын интернет-алаяқтық қылмыстары қоғам ішінде белең алуда.
Сақ болыңыз:
— Алаяқтар өздерін құқық қорғау органдарының, мемлекеттік органдардың және банктің қызметкерлері ретінде таныстырады және сізден банк картасы туралы мәліметтер, PIN-кодтар немесе SMS-кодтарды сұрайды.
— Есіңізде болсын, мемлекеттік, банктікқызметкерлер ешқашанда сіздің банк картаңыздың мәліметтерін және шотыңыздағы ақшаны аударуды сұрамайды.
— Сондай-ақ, күдікті сілтемелерді қарамаңыз және қосымшаларды ұялы телефоныңызға орнатпаңыз.
Өзіңізді қорғаңыз және жақындарыңызды сақтаңыз!
